ДИКТОР: Былтыр облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы 1 мыңнан астам рәсімді жүзеге асырды. Соның арқасында мемлекеттік мекемелер қажетті тауарлар мен қызметтерді уақытылы алды. 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу процесін реттейтін жаңа заң күшіне енді.

РКС: Жаңа ережелерге сәйкес мемлекеттік сатып алудың негізгі принциптері айқындалды. Бұл ақшаны оңтайлы жұмсау, жеткізушілер үшін тең мүмкіндіктер, адал бәсекелестік. Сонымен қатар, процестің тұрақтылығы мен ашықтығы, отандық өндірушілерді қолдау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу.

СНХ: ОЛЕСЬ ГЛЕБА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІК ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Басқарма былтыр 268 млрд теңгеге 1 мыңнан астам қайталама сатып алуды жүргізді. Биыл сандық жоспар бойынша аздап қысқартылады деген болжам бар. Себебі, енді тапсырыс берушілер 16 млн теңгеге дейінгі сомадағы өтінімді өздері жөнелтеді.

РКС: Басқарма жұмысының екінші бағыты-коммуналдық меншікке иелік ету. Мұндай мүлікті сатудан немесе жалға беруден түскен ақша мемлекеттік кіріске өтеді. Былтыр облыста 113 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлік нысаны мен автокөлік сатылды.

СНХ: ЖАҢЫЛ САМАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Біз мемлекеттік ғимараттарды жалға береміз. Былтыр мүліктік жалдауды жалға алу сомасы 151 млн теңгеге жетті. 37 мың шаршы метр ғимаратты тапсырдық. Сондай-ақ бізде қайтарымсыз пайдаланатын жалға алу бар. Яғни, біз мемлекеттік заңды тұлғаларға ғимараттарды қайтарымсыз негізде жалға береміз. Өткен Ақмола облысы бойынша 33 мың шаршы метр ғимарат тапсырылды.

РКС: Облыс бойынша мемлекеттік сатып алу сомасы жағынан көшбасшылар-жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармалары. Бұдан бөлек, конкурстардың ең көп саны білім беру және денсаулық сақтау ведомстволарының өтінімдері бойынша өткізіледі.

ГҮЛНАЗ ХАЗИХАНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ