ДИКТОР: Өткен жылдың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасырын есірткі таратушыларға қатысты қылмыстық жазалаудың мейлінше жұмсартылған шарасын енгізу және есірткі өндіру мен өткізу үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселесін реттейтін заңға қол қойды. Өзгерістер 3 наурыздан бастап күшіне енеді. Былтыр облыс аумағында 308 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталды. Қоғам дертіне айналған есірткімен күрес, оның алдын-алу бағытында қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? Бұл сұрақтарға брифинг барысында облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері жауап берді.
РКС: Былтыр заңсыз айналымнан 400 келіге жуық есірткі тәркіленді. Ақмола облысының аумағына есірткі заттарын жеткізетін ірі 9 арнаның жолы кесілді. Синтетикалық есірткімен күрес – басым бағыттың бірі. Бір айдың ішінде 50-ге жуық жасырын есірткі таратушы ұсталды. Интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі.
СНХ: ДУМАН САБЫРЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Мониторинг барысында есірткі жарнамасы мепн оны сатуды ұсынған түрлі сілтемесі бар 311 сайт анықталды. Ол "Кибербақылау" базасына енгізіліп, бұғатталды.
РКС: Айта кетейік, есірткі өндірісін ұйымдастырушылар үшін биыл жаза күшейтілді. Есірткі өндіріп, өңдеп немесе дайындағандар 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Немесе мүлкі тәркіленіп өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Ал есірткі жасырушылар үшін жаза біршама жеңілдетіліп отыр. Бірінші рет қылмыс жасағандар үшін 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Бірақ мүлкін тәркілеу бөлігі бұрынғыша сақталып қалады.
СНХ: ДУМАН САБЫРЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Бұрын бұл жаза 10 жылдан 15 жылға дейін еді. Егер қылмыс қайталанса, онда 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Бұрын 10-нан 15 жылға дейінгі аралық болатын. Қазір есірткі жасырушылардың дені жастар жазасын темір тордың ар жағында өтеп жатыр. Сондықтан қазір мемлекет олардың түзелуіне мүмкіндік беріп отыр.
РКС: Елімізде есірткі саудасымен айналысатындардың және оны тұтынатындардың жолын кесу үшін түрлі шараны жүзеге асыруда.
САБИНА ЖАМШИТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ