ДИКТОР: Қосшы қаласында 93 отбасы жаңа пәтердің иесі атанды. Баспаналар тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде сатып алынды. Облыс әкімі Марат Ахметжанов қосшылықтарға пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Былтырдан бастап аймақта халықтың әлеуметтік осал топтары санатына арнап тұрғын үй салу тоқтатылды. Дайын пәтерлер нарықтағы бағамен сатып алынады. Дәл осындай 850 баспана республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылды. Қосшы қаласында жаңа 180 пәтердің кілті табыс етілді. Бұл жолы көп балалы аналарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, жалғызбасты ата-аналар мен толық емес отбасыларына берілді.

СНХ: ӘЙГЕРІМ ЛАҚАЙБЕК, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Біз үшін қуанышты күн, қоныс той. Ең біріншіде, біз Президентімізге Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысымызды білдіреміз. Мен өзім көпбалалы анамын. Қосшы қаласында 5 жыл болды тұрғаныма, кезекте 4 жылдай болды тұрғаныма. Барша осында отырған адамдарды қоныспен құттықтаймыз.

РКС: Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бағдарлама баспанаға мұқтаж жандарды тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған пәтерлер қаланың әр бөлігінен сатып алынуда. Әлеуметтік нысандар қолжетімді болуы шарт. Қажетті инженерлік коммуникациялар тартылған. Мердігерлерге қойылатын талап та қатаң. Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – тұрғындар бұл баспананы осы жылдың өзінде сатып алып, толық иесі бола алады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Заңға өзгерістер енді. Оны жекелендіруге толық мүмкіндіктер бар. Бұл деген бұрыңғыдай әлгі жалға алынған пәтер ретінде. Бірақ та, артынан өздері осы пәтердің иегесі болуға бүгін заңмен қарастырылған. Қалдық құнымен сатып алуға болады. Жыл сайын өзінің бағасы болады, амортизациясы болады. Соған қарасты Бүгінгі бағасына байланысты, сосын тозуына байланысты, амортизация бар. Сосын қалған құнымен сатып алуға толық заң бойынша мүмкіндік бар.

РКС: Лесная поляна шағын ауданындағы 46-шы үйді жергілікті құрылыс компаниясы пайдалануға берді. Ауласы кең. Балалар алаңдары, өткелдер мен автокөлік қоятын тұрақтар да жарақтандырылған. Тұрғын үйді сатып алу бағдарламасы бизнеске қолайлы жағдайлар ұсынып отыр. Пәтерлер жарық әрі жайлы. Қоныстануға толығымен дайын.

СНХ: ДӘУРЕН ГАЛЕЕВ, "GLOBAL EXPERT DEVELOPMENT GROUP" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Жоспар бойынша 9 мың шыршы метр пәтер бар. Пәтерлер саны 210. 2 бөлмелі пәтер. Осы пәтерлерде негізнде әрлеу жұмыстары жасалған. Пәтерлерде санитарлық узел, электр плита, чистовой отделка толықтай жасалған. Кілт тапсырылғасын онда барып кіріп өмір сүруге болады.

РКС: Өңірде жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алуда. Бір жыл ішінде 2,5 мыңға жуық ақмолалық отбасы баспана жағдайын жақсартты. Биыл барлық санаттағы азаматтар үшін тағы да 2 мыңға жуық пәтер тапсыру жоспарланып отыр.

ӘЙГЕРІМ СЕРПЕР, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ