ДИКТОР: Көкшетауда ММА жекпе-жек өнерінен Ақмола облысының ашық біріншілігі өтті. Спорттың осынау қиын да қызықты түрін таңдап алған жасөспірімдер мен жастар жеңіске деген жігер танытты.
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Спорт түрлерінің бірнеше элементін бойына сіңірген жекпе-жекшілер жанкүйерлер көңілінен шықты.
РКС: Жарыстың алғашқы күні алаңға жасөспірімдер шығып, жекпе-жек өнерінің айла тәсілдерін жақсы меңгеріп келе жатқандықтарын аңғартты. Олар қарсыластарына қарсы әдемі әдіс айла қолдана білді. 18 және 21 жас аралығындағы спортшылардың да мықтылары жүлдегер және жеңімпаз атанды.
СНХ: ЕРНАЗ МҰСАБЕК, БАПКЕР: Осы жарысқа 11 спортшы әкелдім. Кеше жетеуі жарыс алаңына шықты. Олардың алтауы алтын, біреуі қола медаль иеленді.
СНХ: ӘДІЛЕТ БЕКЕНОВ, СПОРТШЫ: Бапкерім Күлебаев Қайырлы. Астанада дайындалып Ақмола облысының атынан шығамын. Бұрын Қосшыда дайындалып, бірнеше мәрте чемпион атандым. Осы жолғы жарыс өте жақсы өтуде. Қарсыластар мықты.
РКС: Жекпе-жек бәсекелерін жіті қадағалап отырған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Баян Жаңғалов әлемге танымал Шавкат Рахмоновты баптаған. Ол өңірімізден әлі де талай саңлақ спортшылардың шығатынына сенімді. Соның айқын айғағындай білікті бапкердің шәкірттері Матильда Бачурина, Амантай Айтқали чемпион атанып, Дүйсен Әділ күміс медальға ие болды.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ