ДИКТОР: Жұмысшы мамандықтар жылы аясында оқушыларды кәсіби диагностикамен қамти отырып, мектептердегі кәсіптік бағдарлау жұмысын күшейту міндеті қойылып отыр. Оқушылар еңбек нарығын жақсы түсінуге және мамандық таңдауға мүмкіндік алады. Осыған байланысты Көкшетау жоғары техникалық колледжінің оқытушылары 17 мектеп-гимназиясының ұжымымен бірлесіп танымдық шара ұйымдастырды.
РКС: Іс-шараға мектептің 7, 8 және 9 сынып оқушылары қатысты. Білім алушыларға ақпараттық буклеттер таратылып, колледж ұсынатын мамандықтар мен біліктіліктері туралы ақпарат берілді.
СНХ: НҰРЖАМАЛ ОСПАНОВА, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ: Жұмысшы мамандықтарының атласы деген жаңа мамандықтар жарияланды. Сол себепті бұл мамандықтар ішінде жасанды интеллекті меңгерген, қазіргі заманғы студенттер, қазіргі заманғы жастар дайындайтын мамандықтар тізімі жарияланып отыр. Жасанды интеллекті пайдалану және де жасанды интеллекті мобильдік қосымша немесе тағы да басқа қосымшаларға жіктеу, дұрыс пайдалану негізінде, біз 17 мектеп-гимназиясына келіп, өзіміздің мастер-класымызды көрсетіп жатырмыз.
РКС: Бүгінде еңбек нарығында IT-мамандықтар сұранысқа ие. Мысалы, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» веб-әзірлеуші, ақпараттық жүйелердің технигі, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші, яғни арнайы маман болуға мүмкіндік береді.
СНХ: БАЯН МҰХИТДЕНОВА, №17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Бұл іс-шара жаңа мамандықтарды зерттеуге, техникалық мамандықтар саласында жасанды интеллектті пайдалануға мүмкіндік береді. Осы іс-шараға қатысушылар болашақ мамандықты таңдауда жақсы мүмкіндік алады деп ойлаймын.
РКС: Сондай-ақ оқушыларға Aurora.ai жобасы ұсынылды. Жоба психологиялық көмек көрсететін чат-бот. Сонымен қатар, оқушылар «Ақпараттық технологиялар әлемі» ойынына қатысты. Жеңімпаздар дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
СНХ: ДМИТРИЙ БУЩАН, №17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Колледж оқытушылары мен мұғалімдеріміз екі конкурс пен жүлдеге дейінгі екі іріктеу кезеңін өткізген бірлескен іс-шара ұйымдастырғанына ризамын. Жүлде ретінде бізге грамота, сондай-ақ қалам мен колледжге жолдамалар берілді.
РКС: Айта кетейік, бұл шара пәндік апта аясында өтті. Мектептерде осындай шеберлік сабақтары жыл бойы өткізілмек.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.