ДИКТОР: Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні православиелік христиандар Крещение мерекесін атап өтті. 50-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етті. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Сенімге сәйкес осы тәулікте су емдік қасиеттеріне ие болады. Сондықтан облыс аумағында ұйымдастырылған барлық шұңқырларға азаматтар қаңтардың 19-ы күні сағат 21-ге дейін шомылуға келеді.

СНХ: ЖАНАТ ШӘРІПОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 54 полиция қызметкері, 4 автокөлік жұмылдырылды. Қоғамдық тәртіпті, сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін де қамтамасыз етеміз. Екі ауысымдық режимде жұмыс істеп жатырмыз. Қаламызда бір ғана арнайы суға шомылатын ойық бар. Полиция қызметкерлері сонымен қатар екі шіркеуде де қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырады. Ол жерде құлшылық ету рәсімі өтеді. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында қала тұрғындарын тек белгіленген ойықтарда шомылуға шақырамыз.

РКС: Діни рәсімді орындап суға шомылғандардың жылынуы үшін ыстық шай да ұйымдастырылыпты. Сонымен қатар киім ауыстыруға арналған арнайы шатырлар қойылды.

СНХ: АНДРЕЙ МЕЛЬНИК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Өте керемет. Соңғы 4 жылда жұмысқа байланысты шомыла алмаған едім. Ал қазір бәрі жақсы. Ойықтан шыққан кезде су жылы екенін сезесің. Крещение мерекесі құтты болсын, ауырмаңыздар!

РКС: Естеріңізге сала кетейік, мереке кезінде арнайы ойықтарда суға шомылу тек адамның қалауына ғана байланысты. Сонымен қатар алкоголь немесе есірткі тұтынған жандарға суға түсуге тыйым салынады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.