ДИКТОР: Көкшетауда Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске тағзым» іс-шаралар кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Оған тыл ардагерлері қатысты. Тілшіміз баяндайды.

РКС: Тыл ардагерлері 1941-1945 жылдары қажырлы еңбегімен Жеңісті жақындатуға жәрдемдескен жандар. Отты жылдары жанкештілікпен әр салада тер төкті. Биыл Жеңістің 80 жылдығы. Осыған орай тыл ардагерлеріне «Көкше» мәдениет үйінде арнайы шара ұйымдастырылды.

СНХ: АРМАН ТАСТАНБЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Шаралар легі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жеңісті жақындатуға үлес қосқан ардагерлерімізге құрмет көрсетуге, өскелең ұрпаққа жеңістің құндылығын дәріптеуге бағытталған. Жастар осыны есте сақтап, аталарын бағалап, мақтан тұту керек. Жақын арада қаңтардан мамыр айына дейін іс-шаралар циклі ұйымдастырылмақ.

РКС: Облыстық ішкі саясат басқармасы саяси партиялармен тығыз байланыста. Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар жыл бойы өткізіледі. Тыл ардагерлері мұндай шара өскелең ұрпақ үшін маңызды екенін айтуда. Ата-бабаларының қанымен келген Жеңістің дәмінің қандай екенін естіп өсуі тиіс деп есептейді.

СНХ: ЖҰМАБЕК ЖҰМҰҚЫШЕВ, ТЫЛ АРДАГЕРІ: Іс-шаралар ұйымшылықпен өткізіліп жатыр. Рахмет айтамыз, Красный яр тұрғындардың атынан, өз атымнан. Үлкендерді еске алады, осындай шаралар өткізген. Әрдайым осындай ұйымшылдыққа риза боламыз. Еліміз аман болып, жұртымыз тыныш болып, тиыштықпен жалғасын таба берсін. Жастарға тілейтініміз зор денсаулық.

РКС: Ардагерлерге арналған шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Онда екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әндер шырқалды.

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.