ДИКТОР: Кәмелетке жасы толмағандарға арналған «Шанс» орталығында өмірлік қиын жағдайға тап болған 8 әйел мен 18 бала әлеуметтік-психологиялық, құқықтық көмек алуда. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Әсіресе олар заңгерлік кеңеске мұқтаж.

РКС: Ақмолалық нәзік жанды дағдарыс орталығына былтыр желтоқсанның 29-да келген. Жұбайымен 5 жыл азаматтық некеде тұрыпты. Үш жасар баласы бар. Үш жылдан соң отбасының шырқы бұзыла бастайды. Күйеуі үнемі қол көтерген. Осылайша ол мамандардың көмегіне жүгінеді.

СНХ: ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ: Мен бұған дейін жалғызбасты ана ретінде 3 жылға дейін атаулы әлеуметтік көмек алып тұрдым. Ақпан айында соңғы рет аламын. Жолдасыммен азаматтық некеде тұрдық, бірақ қызым менің тегіме тіркелген. Алиментке арыз бере аламын ба? Оған алимент төлету мүмкін бе? Ол жұмыс істейді. Ал мен жұмыссызбын.

СНХ: НАЗЕРКЕ КӨЗТАЙ, «ШАНС» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ: «Шанс» орталығында Әділет департаментінен және де полиция қызметкерлері, балалар құқығын қорғау өкілеттерінен қызметкерлер келіп, зорлық зомбылықа түскен әйелдермен кездесу өткізіп жатыр. Өмірдің қиын жағдайына ұшыраған әйелдермен психологиялық жұмыстар жасап, Балалармен жұмыстар жасаймыз.

РКС: Қызмет алушылар негізінен алимент және балаларды күтіп-бағу, баламен қарым-қатынас тәртібі туралы келісімді рәсімдеу, бұрынғы жұбайының алимент төлеуден жалтаруына қатысты мәселелермен жүгінеді. Сонымен қатар тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар, жұмысқа орналасуға қатысты қиындықтар мен бұғатталған есеп шоттарға байланысты мәселелер де өзекті. Мүлікті бөлу, жұбайын ата-ана құқығынан айыру және сот шешімдерінің күшіне енуін жеделдетуге байланысты сұрақтар да орталыққа келушілерді алаңдатады.

СНХ : ШЫҢҒЫС АБРАЕВ, ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ: Бүгін алиментке қатысты сұрақ туындады. Алимент бойынша өндіріп алынатын сомадан асып кеткен. Яғни, екі үлкен балаға бір сот бұйрығы және кіші балаға басқа құжат берілген. 50 проценттен асатын сома туралы сұрақ туындады. Өйткені күйеуі оған жүйелі түрде қоқан-лоққы көрсетіп, құжаттарды қайтарып алуды сұрайды. Заңдық тұрғыдағы әрекетінің бәрін түсіндірдік. Бұл жағдайда барлық мәселені оның бұрынғы жұбайы тікелей шешуі керек.

РКС: Дағдарыс орталығында әйелдер мен балалар өздерін қауіпсіз сезінеді. 3 маман психологиялық көмек көрсетеді. Айта кетейік, еліміз бойынша 150 ұлттық сенім телефоны жұмыс істейді. Оған балалар, жастар және зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдар хабарласа алады.

МЫРЗАГЕЛДІ НАУРЫЗХАН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.