ДИКТОР: Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының негізгі міндеттінің бірі. «Заң және тәртіп» және «Қауіпсіз қоғам» қағидаттарын жүзеге асыру аясында аймақта құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың сенімін нығайтуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
РКС: Полицияның негізгі міндетінің бірі – көшелер мен қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау. Алдын алу жұмыстарының аясында бір жыл ішінде қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 13,5 мыңнан астам адам ұсталды. Белсенді шараларға қарамастан, осындай оқиғалар саны өткен жылмен салыстырғанда 8 процентке артты.
СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сонымен қатар, 50 пайызға ұсақ бұзақылықтар, 105 пайызға қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын шегу, 4 пайызға қоғамдық орындарда тиісу, 15 пайызға тыныштықты бұзу фактілері өскен. Осындай түрдегі құқық бұзушылықтарды анықтап, тосқауыл қоймаса, ол соңында қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыс жасалуына ықпал етеді.
РКС: «Қауіпсіз қоғам» қағидатын жүзеге асыру аясында полиция департаменті тиімді шараларды қолданысқа енгізуде. Солардың бірі – модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттерін құру. Аймақта осындай 9 бекет жұмыс істейді, оның екеуі Зеренді мен Бурабай туристік аймқатарының аумағында орналасқан.
СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Олардың басты міндеті – азаматтар ең көп жиналатын жерлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Олар көбінесе әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында орнатылған. Әр бекет күніне 5-6 ұсақ құқық бұзушылық анықтайды. Кейде түнгі уақытта кәмелетке жасы толмағандар ұсталады. Сондай-ақ, жаппай іс-шараларда бала жоғалған жағдайда азаматтарға көмек көрсетіледі.
РКС: Айта кету керек, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында учаскелік инспекторлар халықпен белсенді жұмыс істеуде. Олар азаматтардың мәселелерін жедел анықтап, оларды шешуге қатысты шаралар қабылдайды.
АЯЖАН АМАНГЕЛДІ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.