ДИКТОР: Әлемнің әр түкпірінде өз өнертабыстарымен таңқалдырған жас таланттар көп. Бүгінде Ақмола облысының озат оқушылары да өздерінің өнертабыстары арқылы еліміздегі өзекті мәселелердің шешімін ұсынып жүр. Олардың бірегей жобаларымен тілшіміз Жанар Мұқышева танысып қайтты.

РКС: Әл-Фараби атындағы IT-лицейінің оқушылары Әділхан Дәулетбай мен Бақытжан Қайырбек 5-ші сыныптан бастап робототехника үйірмесіне қатысады. Осы аралықта жасаған роботтарының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін түрлі қалалық, облыстық, республикалық байқауда көрсетуде.

СНХ: БАҚЫТЖАН ҚАЙЫРБЕК, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ IT-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Жарыстарға дайындық кезінде менің командадағы міндетім алдын ала жіберілген ережеге сәйкес робот құрастыру. Мысалы, егер берілген ереже мен тапсырмаға сәйкес, робот кубиктерді көтеріп, басқа орынға апару керек болса, онда мен дәл осы командаларды орындайтын схема әзірлеп, робот құрастырамын. Егер де робот белгілі бір жолақ арқылы жүру керек болса, онда түс датчигін орнатамын. Қалған жұмыстармен менің серіктесім айналысады.

РКС: Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған №3 мектеп-интернатының оқушысы Айғаным Сәркеннің де ғылымға қосар өзіндік жаңалығы бар. Ол мүкжидек өсімдігінің адам ағзасына пайдасын зерттеп, оның сығындысынан сусын, жақпай май және антисептик ойлап шығарған.

СНХ:АЙҒАНЫМ СӘРКЕН, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН №3 МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Жалпы бұл мүкжидек өсімдігінің сығындысы адам ағзасына өте пайдалы. Антисептиктің құрамына келетін болсақ, оның құрамында мүкжидек шырынының сығындысы, спирт, глицерин және де су қосылған болатын. Сонымен қатар біз жақпа май жасадық. Бұл жақпа май бізде ісінулердің алдын-алу үшін қолданылады, және де тері ауруларының алдын алу үшін қолданылады. Медицина мен фармокологияның жетістіктері халықтың орташа статистикалық топтарына қолжетімді емес. Сондықтан да менің жұмысымның басты мақсаты осы мүкжидек өсімдігінен түрлі өнімдер жасап, оның қолжетімділігін арттыру.

РКС: Қазір дарынды өнертапқыш балалар жақын арада өтетін байқауларға дайындық үстінде. Алдағы уақытта зерттеулерін жалғастырып, болашақта өнертабыс патентіне ие болсақ деген армандары да бар.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ