ДИКТОР: «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Арман» балабақшасында Көкшетаудағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушылары мен педагогтары арасында «Бес асық» ұлттық ойынынан жарыс өтті. 20-дан астам қатысушы бақ сынасты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бес асық ойынының 13 түрі және әрқайсысының өзіндік ережесі бар. Жарыста қыздардың шапшаңдығы, қырағылығы мен ептілігі сыналды. Айгүл Мәдиева «Арман» балабақшасында 10 жылдай асық үйірмесін жүргізіп келеді. Балалар бұл ойын арқылы мергендік, сонымен қатар жылдам шешім қабылдау қабілеттерін де шыңдайды. Бұл ойынның тағы бір артықшылығы – әр баланың дара тұлғалық қасиетін қалыптастыруға зор үлес қосады.

СНХ: АЙГҮЛ МӘДИЕВА, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Біздің балабақшаның бағыты этно-педагогикалық болғандықтан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар жүргіземіз. Қолдан жасаған бұйымдарым бар, балаларға арналған ұлттық ойындар бар. Көптеген іс-шараларға мен балаларды алып қатыстырамын. Қалалық жарыстарға қатысады. Осы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, насихаттау барысында қыздар ойынын ұйымдастырып отырмыз.

СНХ: АЙНАГҮЛ ТЕМІРҒАЛИЕВА, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Мен мысалы бұл ойынды кішкентай бала кезімде әкем, ағам, інім барлығымыз отырып ойнағанбыз.Сол сәттен ұмытылған екен, ойнамаппын. Осы жарыс болады дегенде еске алып, еске түсіріп,қолдарым әлі ұмытпапты. Бұл ойынның ережесін, әдіс-тәсілдерін. Өте қуаныштымын. Демек, бүгінгі жарыстың өзінің берері өте мол. Өз отбасымда бала ма үйретсем, әрі қарай мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілер арасында бұл ойын жалғасын тауып жатады. Жарыс деңгейінде де бұл ойын жалғасын тапса деген тілегім бар.

РКС: Айта кетейік, ұлттық спорт түріне енген бес асық ойынынан мұндай сайыс балабақшалар арасында бірінші рет ұйымдастырылып отыр.

СНХ: ЖАНАР ЖҮНІСОВА, «АРМАН» БӨБЕКЖАЙЫ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бес асық ойыны бұл тек қана қыз-келіншектерге арналған ойын. Бұл ойынды осы тәрбиешілердің арасында дене шынықтыру нұсқаушылардың арасында өткізген мақсатымыз ертең осы тәрбиешілер өздері бөбекжайларында, балабақшаларында әрі қарай балаларға үйретсін деген мақсатпен, солай өткізіп отырмыз. Асық ойыны баланың интеллектуалды дамуына, санауына, оның шығармашылық дамуына өте әсер етеді, дамытады.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды «Арман» бөбекжайының дене шынықтыру нұсқаушысы Айгүл Мәдиева иеленді. «Мирас» бөбекжайының тәрбиешісі Бақытгүл Сәрсекова мен «Өркен» бөбекжайындағы қазақ тілінің мұғалімі Айнагүл Темірғалиева 2-ші орынды өзара бөлісті. Ал 3-ші орынды «Зерек» бөбекжайының тәрбиешісі Мөлдіргүл Депу мен «Еркемай» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Аягөз Депу иеленді. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары табысталды.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ