ДИКТОР: Ауа райының қолайсыздығыа байланысты Аршалы және Жібек жолы ауылдары маңындағы Алматы-Екатеринбург тас жолы уақытша жабылды. Сондай-ақ республикалық маңызы бар Щучинск-Зеренді және Астана-Қорғалжын бағытындағы жол бөліктерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектеледі. Қазір бақылау-өткізу бекеттерінің аумағында 600-ден астам жүк және 350-ге жуық жеңіл көлік тұр. Қиын жағдайға қарамастан, көлік жүргізушілеріне құтқарушылар, волонтерлер мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері көмек көрсетіп жатыр. Көлік иелеріне ыстық шай мен тамақ жеткізілуде. Жылыту пункіне 20 адам жеткізіліп, орналастырылды.
СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Қазір барлық жүргізушілер мен жолаушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Осы сәтті пайдалана отырып, қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескерткім келеді. Дауылды ескертулерге құлақ асып, қолайсыз ауа райы кезінде жолға шықпаңыздар.