ДИКТОР: Көкшетауда қаланың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау басталды. Оның аясында белсенді қала тұрғындары үй маңындағы аумақтарды дамытуға және абаттандыруға қатысты өз жобаларын ұсына алады.
РКС: Жобаға кәмелетке жасы толған толған шаһардың кез келген белсенді тұрғыны қатыса алады. «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінімдер Көкшетау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында наурыздың 1-іне дейін қабылданады.
СНХ: МАХАББАТ САМРАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Қолайлылық үшін сайттың басты бетіндегі «Пайдалы сілтемелер» бөлімінде «Халық қатысатын бюджет» бөлімі құрылды. Жобаға 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары, қаланың тұрғындары қатыса алады. Сонымен қатар, басқару органдарының өкілдері қатыса алады. Егер басқару органдарының өкілдері болмайтын болса, онда пәтер иелерінің немесе көршілес аумақ тұрғындарының кемінде 50 пайызы қол қойылған келісім парағы қоса берілуі тиіс. Бұл жерде айта кету керек, мемлекеттік билік немесе жергілікті өзін-өзі бсқару органдарының өкілдері қатыса алмайды.
РКС: «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына аумақты көгалдандыру, жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру, пандус, арықтарды салу және жөндеу, қоғамдық пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, спорттық және балалар ойын алаңдарын жасақтау, санитариялық қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстар қабылданады. Одан соң сараптамалық кеңеске келіп түскен барлық өтінім заңнамаға сәйкес, талдау және техникалық тексеруге жіберіледі. Сараптамалық кеңес өтінімдерді наурыздың 10-ына дейін қарайды.
СНХ: МАХАББАТ САМРАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Одан кейін дауыс беру этапына көшіріледі. Дауыс беру 31-ші наурызға дейін жүзеге асырылады. Яғни, бұл жерде қала тұрғындары әкімдік сайтында авторизациядан өткеннен кейін жоба ұсыныстары үшін дауыс бере алады. Әр тұрғын тек бір ұсыныс үшін дауыс бере алады. Қоғамдық кеңістікті жақсартуға көбірек адамның қатысуы үшін бір жобаға 100-ге дейінгі дауыс шегі қойылған. Яғни, 100 дауыстан аз болған жағдайда жоба ұсыныстары жүзеге асырылмайды. Бұл жерде айта кету керек, айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты жобаның құны ең аз мөлшері 58 980 000 теңгені құрап отыр.
РКС: Айта кетейік, былтыр осы жобаға қатысуға 50 өтінім келіп түскен. Оның 19-ы барлық кезеңнен өтіп, мақұлданды. Ол жоба бойынша балаларға арналған 12 ойын және 7 спорт алаңы салынған.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ