ДИКТОР: Былтыр Ақмола облысының 12 елдімекенін газбен қамтамасыз ету үшін 10,5 миллиард теңге бөлінді. 12 жоба бойынша Целиноград ауданының 9 ауылы, Аршалы ауданының Жібек жолы мен Аршалы кенті және Қосшы қаласында орталықтандырылған көгілдір отын жеткізу ісі қолға алынды.

РКС: Биылғы жылдың 1 тоқсанында Целиноград ауданының Аққайың, Шұбар және Қоянды ауылдары мен «Нұрлы» өндірістік кооперативіне газбен жабдықтау желілерін іске қосу жоспарланып отыр.

СНХ: ЖАСҚАЙРАТ САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Ағымдағы жылы Аршалы, Целиноград аудандарын, сондай-ақ Қосшы қаласын газдандыру жұмыстары жалғасуда. Аталған жобалар бойынша 400 километр желілер салынды. Аршалы ауданы Жібек жолы ауылы толық газбен қамтылған. 26,5 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілді.

РКС: Келер жылы ұзындығы 300 шақырым газ желісі тартылмақ. 34 мың тұрғыны бар Қараөткел, Ақмол және Тайтөбе ауылдарын газбен қамту ісі аяқталады деп жоспарланып отыр.

СНХ: ЖАСҚАЙРАТ САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 2025 жылға 8 жобаны іске асыруға 5,4 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғам қорынан 10 миллиард теңге алдын ала қолдау тапты. 2025 жылы 11 жобаны аяқтай отырып, 1200 километр газбен жабдықтау желілерін салу жоспарланған.

РКС: Қазақстан Республикасының отын – энергетикалық кешенін дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес елдің солтүстік өңірлерін табиғи газбен қамтамасыз ету көзделген. Сонымен қатар өңірде газбен қамтудың арқасында былтыр 230 жұмыс орны ашылып, биыл тағы қосымша 194 адам еңбекпен қамтылмақ.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.