ДИКТОР: Өңірдің православиелік шіркеулерінде қаңтардың 19-ы «Крещение Господне» мерекесі аталып өтіледі. Бұл күндері жыл сайын тұрғындардың шомылу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Шаралар кешені қалай ұйымдастырылып жатыр және азаматтар қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек? Тілші баяндайды.
РКС: Облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар 40-тан астам ресми шомылу орнын дайындады. Бұл күндері полицейлер құқықтық тәртіпті қорғайды. Медицина қызметкерлері азаматтардың денсаулығын бақылайды. Ал құтқарушылардың алдында адамдардың шомылу кезінде қауімсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр.
СНХ: ДИАС ӘМІРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Жағалаудағы арнайы жасақталған орында, құтқару станцияларына жақын жерде, құтқарушылар жіті бақылайтын орындарда ғана суға түсу керек. Қауіпсіздік мәселесі басты орында тұруы шарт. Ойыққа суға түсер алдында жаттығу жасап, денені қыздырып алу керек. Сондай-ақ алдын-ала дәрігермен кеңесіп алған жөн. Ми тамырларының рефлекторлық тарылуын болдырмау үшін басты суға батырмау керек. Сүңгіген кезде алдымен баспен түсуге болмайды. Дененің гипотермиясын болдырмау үшін шұңқырда 1 минуттан артық шомылмау қажет. .
РКС: Биыл арнайы жабдықталған орындарда 119 құтқарушы мен 38 техника кезекшілік етеді. Айта кетейік, жыл сайын 18 мыңға жуық ақмолалық шомылады.
СНХ: ВАЛЕРИЙ АНФЁРОВ, КӨКШЕТАУ ЖӘНЕ АҚМОЛА ЕПАРХИЯЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Өз атымнан тағы да қосқым келетіні, купельге сүңгу - бұл шіркеудің міндетті шарты емес. Бұл тек адамдардың қалауы бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, сүңгуге баратын адам өзінің күші мен мүмкіндіктерін бағамдауы керек. Яғни, бұл қажет пе және ол адамның жағдайы үшін қауіпсіз бола ма соны ескерген жөн.
РКС: Шомылу орындарында жылыту пункттері де жасақталған. Адамдар шатырларда, вахталық автомобильдерде, автобустарда жылынып, киімдерін ауыстыра алады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ