ДИКТОР: Зеренді ауданында 800-ден астам спортшы бар. Олар республика және халықаралық деңгейдегі жарыстарда өңір намысын қорғап, жүлдері орын иелері атанып жүр. Ал, аудандағы спорт мектебінің тозығы әбден жеткен. Енді көптен күткен спорт мектебі бой көтермек. Бүгін іргетасының алғашқы капсуласын салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Заманауи спорт кешені 2 қабатты. Нысан 1500 адамға шақталған. Мұнда қазақ күресі, бокс, самбо, футбол, еркін күрес, спорттық туризм және шаңғы спортынан мықты спортшыларды дайындау көзделіп отыр. Жоба құны 2,1 млрд.теңге.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы тапсырма аясында Үкімет осы Зеренді ауданында спорт мектебін салу туралы шешім қабылдады. Бұл ең бірінші, тұңғыш осындай мекеме бой көтеріп жатқан. Осы заңсыз қайтарылған активтерден. Бұл жерде енді көпфункционалдық спорт кешені болады. Бұл жерде басым бағыт қысқы спорт. Шаңғы спорты, биатлон спорты.

РКС: Жаңа спорт кешеніне аудан спортшылары да зор үміт артып отыр. Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры келер ұрпақты алдағы уақытта спортта жетістіктерге ынталандыратынына нық сенеді.

СНХ: ҚАЙЫРБЕК ҚАЛЫБАЕВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің спорт мектебіміздің жаңа ғимараты ықпалын беруі, яғни қазіргі уақытта 806 оқушы, 25 жаттықтырушы. Оны біз 1 мыңнан астам спортшыға жеткізіп 4 спорт түрін қоса аша жаттықтырушыларды да көбейтеміз деген ойдамыз. Ескі мектепте отырған кезде біз облыс, республика, халықаралаық деңгейде жүрдік. Енді мақсат, міндетіміз Азия, Әлем, Олимпиада ойындарына спортшылар дайындау.

РКС: Спорт кешені желтоқсан айында қолданысқа берілуі тиіс. Алайда, мердігер қыркүйек айында спортшыларды қуантуды жоспарлап отыр.

ИНТЕРШУМ: Управлением строительства 8-го января были объявлены конкурсные процедуры. И по итогам который 16-го числа быд определен подрядное организация. Это "УКА" строй. Местные.

- Две недели мы начинает строительство. Через 12 дней. А раньше мы могли объявлять потом отменять. Пол года значит ждать. Обжалование пол года. То есть вот он в закон уже в действие. Первый обьект в Казахстане который вот по новому закону о государственных закупов произведен. Завершим ?

- До конца года у нас по договору. Но, мы планируем Алла жазса в сентябре завершить.

РКС: Жаңа спорт мектебі іргетасының капсуласын салу рәсіміне орай, шаңғы жарысы өтті. Онда 200 спортшы қатысып, 1 шақырым қашықтыққа аймақ басшысы Марат Ахметжановпен жарысты.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЕЛУБАЙ ТЕМІРҒАЛИЕВ, ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен бұл шаңғыға 2011 жылы 63-ке келгенде, пенсияға шыққанда келдім. Міне биыл 13 жыл болды шаңғымен айналысып жүргеніме. Бұл ең біріншіден денсаулыққа өте пайдалы. Біздің ауданда қазір жақсы көңіл бөлініп жатыр.

РКС: Зеренді ауданына қарасты Мәлік Ғабдуллин ауылында 900-ге жуық адам тұрады. Елдімекенде дәрігерлік амбулатория ашылды. Іші-сырты қажетті заманауи құрал-жабдықпен қамтылған. Медициналық нысанға сонымен қатар, көршілес 3 ауылдың тұрғындары тіркелді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: БАУЫРЖАН СЫЗДЫҚОВ, ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Бізде фельдшер бар. Қабылдауды акушер мен меірбике жүргізеді. Қызметкерлердің құрамында еден жуушы мен күзетші бар. Бүгінде жылу беру, электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша келісім-шарттар жасалған. Дәрігерлік амбулаториялық қалыпты режимде жұмыс істеуді бастайды.

РКС: Бұрын тұрғындар қосымша дәрігерлік көмек алу үшін облыс орталығына немесе аудандық емханаға баруға мәжбүр еді. Енді алысқа сабылмайтын болады.

СНХ: БӘТИМА БАЛТАБАЕВА, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Елімізде бүгін осындай үлкен қуаныш. Осындай ғимарат, осындай амбулатория ашылып жатыр. Елге бұл керек нәрсе. Қарттарымыз бар деген сияқты., бөпелеріміз бар. Қуаныштымыз! Бұрынғы амбулатория жәй ғана үй еді. Өзі салқын да.

РКС: Айта кетейік амбулатория "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында салынды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ