ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұқбатында "Қазақ тілін білу сәнге айналды, жастарымыз оны меңгеруге ұмтылатын болды. Мемлекеттік тіл азаматтардың қызмет бабында өсуіне және табысқа жетуіне жол ашатын маңызды фактор саналады. Еліміздің бизнес өкілдері маркетинг саласындағы науқандарын қазақ тілінде сөйлейтін тұтынушылардың сұранысына қарай өткізетін болғанын айтқан. Жалпы тілге деген құрмет отбасынан, бесіктегі тәрбиеден басталады. Бұл әр отбасында орындалуы тиіс қағида,- дейді әріптесіміз Евгений Варанкин.
РКС: Евгений Варанкин мектепте орыс тілінде білім алған. Оқу орнын аяқтағанға дейін қазақ тілін мүлдем білмеген. Қазақ-түрік лицейінде оқығанда ағылшын, түрік тілдерін меңгеріпті. Сол кезде мемлекеттік тілді қалай да үйренемін деген алдына үлкен мақсат қояды.
СНХ: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, "KOKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ: Өз еркіммен еш мұғалімнің көмегінсіз, сол кезде мектептегі кітапханаға барып, кітаптарды жинап алып, үйге әкеліп оқып отырдым. 2 айдың ішінде қазақ тілінде сөйлей бастадым. скл. Мысалы мен үшін қиын болды, мысалы ағылшын тілінде 2 аптада сөйлей бастадым. Түрік тілі маған қиын болған жоқ. Қазақ тілі мен түрік тілі ұқсас, түрікше үйренсем де қазақ тілін басында үйрене алмадым.
РКС: Евгений 20 жылға жуық білім беру саласында еңбек етті. Мектепте ағылшын тілінен, кейінгі жылдары орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ берген. Бүгінде "Көкше" телеарнасының қазақ редакциясында қызмет етуде.
СНХ: ГҮЛНАР БЕКЕНОВА, "KOKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ШЕФ-РЕДАКТОРЫ: Евгений біздің арнаға осыдан 4 ай бұрын келді. Қазақ редакциясына келді бір ерекшелігі. Біздің салаға келгенде жұмысында ешқандай қиындық туындаған жоқ. Бірден біздің ұжымға сіңісіп кетті. Қазір біздің ұжымның әсіресе қазақ редакциясының белді тілшісі. Өте сабырлы, кез-келген істе алдыңғы шепте жүретін біздің әріптесіміз деп айтуға болады.
СНХ: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, "KOKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ: Журналистиканы көрейін деп шештім. Журналистикада жұмыс істесем тілім жатық болады деп ойлаймын. Жұмыс істеп жүргеніме 3 ай болды. Сөздік қорым да кеңейіп келеді. Басында әрине кез-келген жұмысқа келген кезде қиындықтар болады. Мысалы түсірілімге барып, бетіме қарап орысша сөйлесу керек деп ойлайды. Олармен қазақша сөйлесе бастасам таң қалып қазақша сұқбат береді. Сұқбат ал қиын болды маған. Сұрақ қою ең қиыны ғой.
РКС: Евгений отбасында да өзара қазақша сөйлесеміз,-дейді. Балаларын қазақ тілінде оқытып, мемлекеттік тілде сөйлеуге баулуда.
СНХ: ИЛОНА ВАРАНКИНА, ҚЫЗЫ: Менің қазақ тілін үйренуім бала кезден басталды. Мені бала кезімде ата-анам қазақ бала-бақшасына берді. Сосын мектепте қазақ тілінде оқыдым. Папаммен үйде қазақша сөйлестік, мен ұмытпау үшін. Басында қиын болды. Папам көмектесті. Ол менімен бірге көп кітап оқыды.
РКС: Евгений енді француз тілін меңгеруді жоспарлап жүр. Кез келген тілді үйрену үшін алдымен табандылық, ерік-жігер мен өзіңе мақсат қоя білу керек,- дейді әріптесіміз.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ