ДИКТОР: Өткен жылы Үкімет 2024-2028 жылдарға арналған Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын бекітті. Онда мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ортақ жауапкершілігі белгіленген.

РКС: Тәртіп сақшылары күнделікті қызметінде халықтың полицияға деген сенімін арттыру мақсатында «Нөлдік төзімділік», «Заң мен тәртіп», «Қауіпсіз қоғам» қағидаттарын жүзеге асырады. Әсіресе қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылық дерегі әлі де азаймай отыр.

СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Алдын-алу шараларын өткізу барысында мас күйінде қоғамдық орында болған 13,5 мың азамат ұсталып полицияға жеткізілген, өткен жылмен алдыңғы жылмен салыстырғанда, оның саны 8 пайызға өскен. Сонымен қатар 50 пайызға ұсақ құқық бұзушылықтар,105 пайызға қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын шегу, 4 пайызға қоғамдық орындарда тиісу,15 пайызға тыныштықты бұзу фактілері өскен. Осындай түрдегі құқық бұзушылықтарды анықтап, тосқауыл қоймаса, ол соңында қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстардың жасалуына ықпал етеді.

РКС: Десе де тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтардың өсуіне жол бермеу бағытында кешенді жұмыстар атқаруда. Патрульдік полиция жасақтары қырағылығының арқасында бірқатар қылмыс дер кезінде анықталып, жол кесілді. Ішімдіктің кесірі ауыр зардаптар мен қақтығыстарға итермелейді. Адамға қарсы жасалған қылмыстық шабуыл кезінде 167 адам ажал құшты. Тұрғындардың өміріне қастандық жасаудың 26 дерегі анықталды. Жасалған қылмыстың дені алкоголь өнімін тұтынғандар мен жұмысссыздардың үлесіне тиесілі.

СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Алкоголь өнімдерін ішкені үшін 284 жеткіншек ұсталды. Жасөспірімдермен жасалған ұсақ бұзақылықтар 12 фактіге немесе 2 пайызға 605-тен 593-ке дейін төмендеген. Негізі, балалардың тарапынан осындай құқық бұзушылықтарға жол берілуі, ол ата-аналар жағынан бақылау болмағаны және отбасы институтының әлсіреуі.

РКС: Айта кетейік, «Зиялы қауым» бағдарламасының пилоттық жобасын жүзеге асыру барысында облыста 138 қоғамдық кеңес құрылып, жұмыс істеп жатыр. Қоғамдық кеңес 300-ден астам жұмыссызды жұмысқа орналастыруға ықпал етті. Қоғам мен полицияның бірлескен іс-әрекеті нәтижесінде соңғы бес жылда қылмыс деңгейі 33 процентке азайған. Сонымен бірге мас күйінде жасалатын қылмыс, кісі өлтіру деректерінің көрсеткіші де біршама төмендеген.

МҰРАТ НҰРСӘУЛЕ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.