ДИКТОР: Көкшетау жоғары техникалық колледжінде 130-ға жуық түрлі санаттағы педагог бар. Олардың арасында кезіндегі ұстаздарымен қазір әріптес болып жүрген аталған оқу орнының түлектері де аз емес.

РКС: Жоғары техникалық колледжінің түлегі Фариза Қадырбекова «Серпін» бағдарламасы аясында «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша білім алған. Бірден аталған оқу орнына тігін өндірісінің шебері болып жұмысқа орналасты.

СНХ: ФАРИЗА ҚАДЫРБЕКОВА, ТІГІН ӨНДІРІСІНІҢ ШЕБЕРІ: Қазіргі таңда 300-ден астам студент осы жаңа тігін цехта білім алып шықты. Бізде оқуды бітірген әрбір студент қаланың үлкен ателье, тігін орталықтарында, сонымен қатар «Ақай», «Светлана», «Диас» тігін орталықтарында практикадан өтеді. Әрі қарай сол жерде жұмыстарын жалғастырады. Қазір 3 группа бар. Барлығында 15-20 студенттен оқиды. 2 күн практикада, 3 күн теорияда, ал 3-4 курстарда апталап практикаға шығады.

РКС: Александр Савосин де колледж түлегі. 7 жыл бұрын «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша орта арнаулы білім алып шыққан. Оқу орнын тәмамдағаннан кейін колледж директоры алғашқы еңбек жолын осы жерде бастауды ұсыныпты. Қазір өзі де шәкірт тәрбиелеп жатыр.

СНХ: АЛЕКСАНДР САВОСИН, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Практикаға келген студенттер сандық бағдарламалық басқарылатын белдіктерде жұмыс істеу қауіпсіздігімен танысады. Практика аяқталғаннан кейін студенттер демо-емтихан тапсырады, оларға сызба беріледі. Ол бойынша басқару бағдарламасын жасап, оны станокқа салып, бөлшекті жасауы тиіс. Кейін оны сарапшылар тобы бағалап, сандық басқарылатын станоктарды баптау курсынан өткені туралы сертификат беріледі.

РКС: Ондаған түлек «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» серіктестігінде 3 жылдан астам сандық бағдарламалық басқарылатын станоктарда жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар студенттер Степногорск подшипник зауытында да өндірістік тәжірибеден өтеді. Көпшілігі осы кәсіпорындарда дуальды жүйе бойынша жұмыс істеуді жалғастыруда.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.