ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру негізгі бағыттың бірі ретінде көрсетті. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы басымдылық. Бұл мәселе еліміз бойынша әлі де өзекті. Былтыр Ақмола облысының құрылыс саласында көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылып, мыңдаған отбасы баспанамен қамтылды.
РКС: Өткен жыл ақмолалықтар үшін құрылыс саласында жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктерге толы болды. Былтыр барлық қаржыландыру көздері есебінен 661 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өңір тұрғындары тұрғын үй жайларын жақсартты.
СНХ: НҰРСҰЛТАН ӘЛІМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бұл дегеніміз 6 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.Сонымен қатар республикалық қаражат есебінен және облыс қаражат есебінен 28 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл дегеніміз 1571 пәтер.
СНХ: САБИНА ЖАМШИТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Менің анам осыдан 15 жыл бұрын үй кезегіне тұрған еді. Бірақ өкінішке орай бұл қуанышқа жете алмады.Бірақ ұрпағы ретінде мен баспаналы болып отырмын. Барша үй алуға көмектескен азаматтарға алғысымды айтамын.
РКС: Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге де мемлекет тарапынан шұғыл шара қабылданып, баспаналы болды. Былтыр халықтың әлеуметтік осал топтарына 850 тұрғын үй сатып алынды. Осылайша өңірдегі тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны біршама қысқарды. Аймақта құрылыс индустриясы қарқынды дамып, ел экономикасының, оның ішінде тұрғындардың әлеуметтік әлеуетінің артуына айырықша ықпал етіп келеді. Биыл қаржыландырудың барлық көзі есебінен 580 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.
СНХ: НҰРСҰЛТАН ӘЛІМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Ағымдағы жылы 34 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл дегеніміз 24 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі. 932 пәтер. Сонымен қатар, жағдайы төмен отбасылар үшін 251 пәтер сатып алу көзделген жыл соңына дейін.
РКС: Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 3,7 млрд теңге қарастырылған. Оның 2,6 миллиарды трансферт. Оған 188 пәтер сатып алынады. Қалған 63 пәтерге мемлекеттік құнды қағаздарды қосымша пайдалану көзделіп отыр.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ,КӨКШЕ АҚПАРАТ