ДИКТОР: Сандықтау ауданындағы Каменка Агротехникалық колледжінде бүгінгі күннің талабына қажетті мамандықтар бойынша 140 студент білім алуда. Олар толық мемлекеттің қамқорлығында.
РКС: Дуальді білім алуға көшкеннен бері болашақ жұмысшы мамандық иелері өндірістік тәжірибеден жергілікті «Каменка және Д» серіктестігінде өтеді. Бұл үрдіс жыл 12 ай бойы жалғасады. Қолына диплом алған жастар жұмыссыз қалмайтындығына сенімді.
СНХ: КРИСТИНА АУЭР, СТУДЕНТ: Мен аспаз-кондитер мамандығында оқып жүрмін. Сабақты өндірістік тәжірибемен үнемі жалғастырып отырамыз. Осы мерзімде Балкашин ауылындағы мейрамханалардың бірінде тәлім алып жүрмін. Оның иесі Тамара апай дәмді ас дайындаудың небір әдістерін үйретеді. Болашақта сол жерге жұмысқа орналасамын.
РКС: Каменка Агротехникалық колледжінің материалдық-техникалық базасы нығайып, оқу құрал жабдықтары жаңартылған.
СНХ: СЕРГЕЙ ОБИДНЫЙ, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: 2024 жылы 3 млн 434 мың теңгеге дәнекерлеу апараттары , өзге де құрал-жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ студенттеріміз тәжірибеде киетін формалармен қамтамасыз етілді.
РКС: Жұмысшы мамандығы жылын ауқымды шаралармен бастаған колледж ұжымының алдында сан алуан істер тұр.
СНХ: КОНСТАНТИН КУДИН, КАМЕНКА АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің колледждің ашылып жұмыс істей бастағанына 2024 жылы 65 жыл болды. Осы мерзімде Ақмола облысының ауыл шаруашылығы саласына мыңдаған механизаторлар, аспаздар дайындап шығардық. Бүгіндері заман талабына сай оқу бағдарламасын толық өзгерттік. Жергілікті «Каменка және Д» серіктестігі студенттерді қамқорлығына алған. Болашақ жер иелері жыл 12 ай бойы сол шаруашылықта біте қайнасып, болашақ мамандығының қыр-сырын үйренеді. Ауданымыздың өзге де ауыл шарушылығы құрылымдарымен тығыз қарым-қатынастамыз.
РКС: Жұмысшы мамандығы қай кезеңде болмасын қадірлі. Жаңа Қазақстанның жас ұрпағы оны жақсы сезініп, орта және кәсіби білім ошақтарын таңдауда.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ