ДИКТОР: Қосшы қаласында көпсалалы өңірлік аурухана салу мерзімінен озып тұр. Жаңа мекеменің жобасында 300 төсек-орынға арналған стационар және бір ауысымда 1 мың келушіге шақталған емхана бар. Кешен тек жергілікті тұрғындарға ғана емес, көршілес аудандардың 7 елдімекенінің халқына да медициналық көмек көрсетіледі.
РКС: Жаңа медициналық мекеме 5 гектар аумақта орналасқан. Құрылыс монтаждау жұмыстарының қызған шағында 200-ге жуық адам жұмылдырылды. Негізінен жергілікті жерде өндірілген материалдар қолданылуда. Инвестиция көлемі 28 миллиард теңге.
СНХ: ӘСЕТ АХМЕТОВ, «VIAMEDIS» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталды. Жоба екі бөліктен тұрады. Яғни емхана корпусы мен стационардың құрылысы. Бүгінде емхананың қаңқасы көтерілді. Барлық бетонды монолитті жұмыстар аяқталды. Қазір стационардың құрылысы қыза түскен.
РКС: Шаһарда жыл сайын халық саны көбейіп келеді. Сондықтан жаңа аурухананың құрылысы тіпті қажет. Бұл жерде медициналық қызметтердің бәрі қолжетімді болады. Денсаулық сақтау мекемесінде барлық медициналық көмек көрсетіледі. Ауруханада хирургия, травматология, кардиохирургия және онкология бөлімшесі ашылмақ.
СНХ: ӘСЕТ АХМЕТОВ, «VIAMEDIS» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Барлық негізгі бетон конструктивті жұмыстары ақпан айының ортасына дейін аяқталады. Біз ғимараттың кіреберісін, аумақты абаттандыруды мамыр айының соңына дейін аяқтап, ішкі жұмыстарға кірісуді жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін қала тұрғындары үшін емхана іске қосылады. 2026-шы жылдың 3-тоқсанынан бастап стационар жұмысын бастайды.
РКС: Кешеннің аумағында жеке пансионат ғимараты да бой көтереді. Онда оңалтудан өтетін пациенттер ем-дом алады. Мамандарды тарту үшін оларға 100-ге жуық пәтер бөлінбек.
ЖАНДОС МҰРАТБЕКОВ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.