ДИКТОР: Ақмола облысында 15 кәсіпорын сүт өндірісімен айналысады. Олар жылына 150 мың тоннаға жуық өнім шығарады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында келешегі зор сала дамып келеді. Шаруалар жеңілдетілген несиелер алады. Осылайша, өңірде 15 миллиард теңгеге 7 жоба қаржыландырылды.

РКС: Зеренді ауданына қарасты Симферополь ауылында «Agro Milk Project» серіктестігі бес жылдан бері асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Шаруашылықта 350 бас қара мал бар. Оның 150-і сауын сиыр. Жылына 100 мың тоннадан астам сүттен дайын өнім өндіреді. Бизнесті кеңейту жоспарлануда. Осылайша кәсіпорын көршілес Еленовка ауылында тағы бір ферма салу үшін жеңілдетілген несие алды.

СНХ: ЮРИЙ ШВЕЦ, «AGRO MILK PROJECT» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 450 бастан әрі қарай ұлғайтамыз. Былтыр 10 жыл мерзімге 750 миллион теңге көлемінде несие алдық. Мемлекет осынша қаржыны сеніп беріп отыр. Мал шаруашылығы, оның ішінде сүт бағытын дамытуға зор қолдау білдірген үкіметке ризашылығымыз шексіз. Жоспар бойынша тамыз айында осы жобаны тапсырмақшымыз. Маусым-шілде айларында мал әкелмек ниеттеміз.

РКС: Сауын сиырлардан бөлек, фермада бұзауларға да күтім жасалады. Қазір жаңа туған 35 төл бар. Бастапқы жарты жыл олар бөлек күтіледі. Әр ай сайын салмағы өлшенеді. Одан соң барып жалпы аумаққа жіберіледі. Симферополь ауылындағы фермада еңбек ететін 25 адамның бәрі ауыл тұрғындары. Жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалған, қызметтің негізгі бөлігі автоматтандырылған.

СНХ: БАЗАРБАЙ ФАЙЗУЛЛИН, ЭНЕРГЕТИК: 5 жыл болды осында жұмыс істеп істеп жатырмын. Бірінші автоматика бәрін осында жүргіздім. Фирма өте жақсы жасалған. Бәрі автоматика. Скрепиялар, двойка бәрі автоматика түрінде жүреді. Міне, 5 жыл ешқандай ақаулар болған жоқ. Болса да сервистиктер жақсы жұмыс істеп, көмектесіп тұрады. Бізде коллектив жақсы. бірге жұмыс істеп жатырмыз. Жалақымыз уақытында келеді самый главный. Шаруашылығымыз бәрі жақсы. Мал басы өсіп келе жатыр. Жағдайымыз жаман емес. Жем-шөп барлығы жетеді Аллаға шүкір.

РКС: Серіктестік алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Мал басын көбейтпек. Негізінен етті бағытқа екпін түсірмек. Облыс аумағында ірі 7 сүт-тауарлы ферма салынып жатыр. Олар қуаттылығын да арттырмақ. 6 мың бас сауын сиыр бар. Тауарлы сүт өндірісін 40 мың тоннадан асыру межесі тұр.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ