ДИКТОР: Былтыр еліміз бойынша қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық іс тіркелді. Соның ішінде Ақмола облысы бойынша 7 жағдай анықталған. Жалған инвестициялық жобалардың қызметінен келген жалпы шығын 20 миллиард теңгеге жеткен. Алаяқтықпен күресуге қатысты жүргізіліп жатқан шаралар қандай? Тілші баяндайды.
РКС: Былтыр облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржы пирамидаларын құру, басқару және жарнамалау фактілері бойынша 7 қылмыстық іс тіркеп, сотқа жолдады. Осылайша 4 қаржы пирамидасы әшкереленді. Алаяқтық ұйымдарының қызметіне 206 адам тартылған.
СНХ: МИРАС МҰРАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Тартылған қаржылық қаражаттың жалпы сомасы 101 млн. теңге, келтірілген залал 83 млн. теңге болды. Тергеу барысында 3,8 млн. теңге өтелді, күдікті тұлғалардың мүлкіне 22 млн. теңге мөлшерінде тыйым салынды. Ағымдағы жылы қаржылық пирамида істері бойынша 3 сот үкімі шығарылып, заңды күшіне енді. 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостнадығынан айырылды.
РКС: Мамандардың айтуынша, қаржы пирамидасы – бұл жаңа қатысушыларды тарту арқылы жұмыс істейтін алаяқтық схема. Айта кетейік, қаржы пирамидасын құрғандарға және басқарғандарға қолданылатын шара да қатаң. Оларға 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
СНХ: МИРАС МҰРАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Сонымен қатар, қаржылық пирамиданы жарнамалаған үшінде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 217-1 бабы 2022 жылы бастап бойынша қылмыстық жауапкерлішілік көзделген. Мүлкі тәркіленіп, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
РКС: Қаржы пирамидаларының алдын алу және олардың қызметін тоқтату мақсатында «Baiqapiramida» және «АФМ-инсайдер» атты Telegram-боттары әзірленді. Бұл өз кезегінде азаматтарға күмәнді схемалар туралы хабарлап, қаржы пирамидаларын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
АЯЖАН АМАНГЕЛДІ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ