ДИКТОР: 2019 жылдан бастап облыста «Жастар ассамблеясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық өкілдігі белсенді жұмыс істейміз. Бүгінде бұл ұйымда 120-ға жуық белсенді бар. Жастар арасындағы бірлікті нығайту және жаңа Қазақстанды құру жолындағы түрлі этностар мен әлеуметтік топтардың өкілдерін біріктіру олардың басты мақсаттары.
РКС: Жастар Ассамблеясының белсенділері қашан да жастар арасында бірлік пен қоғамдық келісімді сақтауды мақсат етеді. Мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлінуде. "Ассамблея жастары" өңірлік қоғамдық ұйымының төрағасы Махмуджан Давранов аймақта қазақ тілін оқыту үйірмелері белсенді түрде дамып келе жатқанын айтады.
СНХ: МАХМУДЖАН ДАВРАНОВ, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ӨҢІРЛІК ӨКІЛДІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Мемлекеттік тіл бар жерде ұлттық құндылықтар дамуы, барлығы бірегейлі жұмыс атқарады. Яғни бізде қазіргі таңда Қазақстандық Ассамблея достық үйінде «Мәміле», «Үйде сөйле», «Мемлекеттік тілге 7 қадам» мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау бөлімде жұмыс істеуде. Оның барлығы осы біздің мемлекеттік тілді үйрену үшін өзге ұлттардың барлығына көптеген үлестерін, яғни мемлекеттік тілді үйренуде.
РКС: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан халқы студенттік Ассамблеясы құрылған. Оның құрамына енген студенттер «Ассамблея жастар» қоғамдық ұйымы белсенділерінің қатарына қосылды.
СНХ: ӘСЕЛ ЖАНАТҚЫЗЫ, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ӨҢІРЛІК ӨКІЛДІГІНІҢ БЕЛСЕНДІСІ: Осыған дейін Көкшетау қаласында көптеген жұмыстар атқарған болатынбыз. Соның ішінде, волонтерлік іс-әрекеттер. Студенттер арасында көптеген үздіксіз әрекеттер болып жатты. Оның ішінде бұған дейінгі болған қарттар мерекесінде біз волонтерлік іс атқарған болатынбыз. Мәселен, қарттар үйіне барып, қарттардың жағдайын сұрау немесе оларға кішігірім ойын-сауық құру немесе администраторлық шаралар жүргізу деген сияқты көптеген жұмыстар жасалған болатын.
РКС: Белсенділер былтыр көктемгі су тасқыны уақытында зардап шеккендерге көмек көрсету ісінде белсенділік танытты. Айта кетейік, "Ассамблея жастарының" өңірлік ұйымы еліміздің барлық аймағында бар.
АДАЙ БОТАБАЙ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ