ДИКТОР: Төтенше жағдайлар саласында қызмет ету - қиын, әрі қауіпті. Шын мәнінде, бұл - нағыз қаһарман азаматтардың мамандығы. Құтқарушылар күнделікті өмірде талай рет көзсіз ерлікке барады. Адамдардың өміріне араша түсіп, қаза тапқан құтқарушылар да аз емес. Қауіптілігіне қарамай, ержүректілігінің арқасында бұл салада адал қызмет етіп жүрген құтқарушылардың қатарында Әділет Серік те бар.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Әділет Серік 1998 жылы Бурабай ауданына қарасты Мәдениет ауылында дүниеге келді. Бала кезден құтқарушы болуды армандаған. Осылайша, Көкшетау техникалық институтына "Өрт қауіпсіздігі" мамандығына оқуға түсіп, 2015 жылы өзі армандаған мамандық иесі атанды.
СНХ: ӘДІЛЕТ СЕРІК, №10 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚАРАУЫЛ БАСТЫҒЫ: Кезінде өрт сөндіру бөлімінің аумағында баспалдақпен, жылдамдықпен мініп, жүгіріп бара жатқан өрт сөндірушеілерді әрқашанда көретінмін. Осыған орай, маған да дәл осылай жедел әрекет ету, адамдардың өміріне араша боп қалу және оларға көмегімді, пайдамды тигізу сияқты ниет пайда болды. Сонымен қатар, үлкен қызыл машиналар өртке асығып көшелерде бара жатқан кезде қызығып, яғни сол кезден бастап осындай ерекше арманым қалыптасты. Негізі бір адамның өмірін құтқарсан, бүкіл адамның өмірін құтқарғанымен бірдей тең болады деп айтқандай. Осындай абыройлы мамандықты таңдадым.
РКС: Адалдық, мейірімділік, қиналған жанға қол ұшын созу сияқты адамдық қасиеттер жайлы ата-анасы жиі сөз қозғап, айтып отырған екен. Сондықтан болар Әділет Серік адам өміріне қауіп төнген жағдайда араша түсуден жансалмайды.
СНХ: ӘДІЛЕТ СЕРІК, №10 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚАРАУЫЛ БАСТЫҒЫ: Жалпы, негізі біздің жұмысымызда әрине қиындықтар, ауыртпашылықтар бар. Себебі, біздің құтқарушыларымыз физикалық тұрғыда, рухани тұрғыда, психологиялық тұрғыда әрқашанда сақадай сай. Кез-келген қиын шақыруларға дайын болу керек. Бірақ, егер де өз мамандығынды қатты жақсы көріп, сүйсен мына қиындықтардың барлығы ешқандай кедергі жасамайды. Сондықтан да, күнделікті түрде жұмысқа барған кезде жақсы көңіл-күймен, адамдардың жалпы қауіпсіздіктеріне үлесімді қосамын деп барып өзіме осындай ерекше мотивация қойып, жұмысқа келіп барша кезіктіріп жатқан қиын сәттерді оңай жеңігу болады.
РКС: Әсіресе, жаз маусымында тыйым салынған жерлерде шомылып, адамдар судан ажал құшып жатады. Ол уақытта құтқарушылар жақындарын көрмей, тәулік бойы қызметте болады. Ал, қатыгез қыстың қақаған аязында қалған жандарды қол ұштарын созады. Көктемгі су тасқынында зардап шеккен тұрғындарды арқалап алып, қауіпсіздік жерге көшіреді. Бұл - олардың жасайтын ерліктері.
СНХ: ӘДІЛЕТ СЕРІК, №10 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚАРАУЫЛ БАСТЫҒЫ: Біздің жұмысымыз өте жан-жақты. Яғни, күнделікті түрде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен кезігіп жатамыз. Сонымен қатар, қазір адамдардың жылыту маусымдағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін және өрт қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан өрттердің саны көбеюде. Оған біз әрқашанда лезде жедел әрекет етеміз және күн, түн демей өзіміздің барлық дайындығымызды көрсетіп, шеберлігімізді арттырамыз.
РКС: Кез келген адам құтқарушы бола алмайтыны анық. Бұл мамандықты тек мықтылар ғана таңдайды. Ал, Әділет Алтынбекұлы бүгінде жас мамандарға үлгі тұтарлықтай маман иесі.
СНХ: МҰХАМЕД-ӘЛИ ҚАРАТАЙ, №10 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ: Осы жұмысқа келгеніме 3 ай болды. Менің қарауыл бастығым Серік Әділет Алтынбекұлы маған үлгі болатындай қарауыл бастығы болды. Көп нәрсе үйрендім ол кісіден. Ақкөңіл, өте жайдарлы, көңілді жүреді. Қандай қиындық болса да күліп қарсы алады. Өз жұмысын жақсы көретін адал қызметкер.
РКС: Құтқарушылардың басты миссиясы адамдардың өмірін құтқару. Батырлар - біздің арамызда!
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ