ДИКТОР: Еліміздегі еңбек нарығында тапшы жұмысшылар қатарында туризм саласының мамандары да бар. Өңірде туризм саласының мамандарын Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті де дайындайды. Биыл жаңа оқу жылынан бастап мұнда Оңтүстік Кореяның Вусон университетімен бірлесіп жасаған білім беру бағдарламасы бойынша оқытады. Бұл бағдарламамен оқуға түскен студенттердің екі диплом алуға мүмкіндігі бар.
РКС: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде қазір туризм саласында 38 студент білім алып жатыр. Өкінішке орай бұл мамандыққа бөлінетін гранд саны аз, жылына 1-2 гранд қана беріледі. Ал мамандарға деген сұраныс баршылық. Қонақ үй, мейрамхана бизнесі, туристік фирмалардан үнемі сұраныс бар және түлектердің 70 проценті өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуда, - дейді оқытушылар.
СНХ: АСҚАР СЕЙТИКОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЛЕКТОРЫ: Ақмола облысының және Астана қаласының кәсіпкерлерінен тапсырыстар түсіп тұрады. Соған байланысты біз білім беру бағдарламасын жаңартып отырамыз. Және де ұсыныстары бойынша жаңа пәндерді енгізіп отырамыз. Жаңа мамандықтар сұрайды. Бізде қазіргі таңда 2 оқыту бағдарламасы бар. Ол "Туризм" және "Туризм мен қонақжайлылық". Туризм және қонақжайлылық екі дипломды білім беру бағдарламасы болып табылады. Ол Оңтүстік Корея университеті Вусон университетімен бірлесіп жасаған білім беру бағдарламасы, яғни 2 диплом алып шығуға болады.
РКС: Елімізде жасанды интеллектіні дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бар. Өткен жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде мұғалімдерді педагогикалық білім беруде жасанды интеллект элементтеріне үйрету және оны сабақтарында пайдалану бойынша арнайы жұмыстар атқарылды.
СНХ: ЖАЙЛАГҮЛ САҒЫНДЫҚОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Университетіміздің оқу үдерісіне жасанды интеллект енгізу бағдарламасы қабылданды. Және 80 оқытушыны 2 жетекші университетте яғни, Астана AITI және халықаралық ақпараттық-технологиялар университетінде оқыттық. Екіншіден, әрине студенттерді оқыту. Корсер /Coursera/ платформасында 3 мыңнан аса студент оқып, сертификат алды. Жастардың көпшілігі жасанды интеллект курстарын таңдайды. Біздің ең басты жетістігіміз әлемнің түкпір-түкпірінен шетелдік ғалымдарды шақыру, физика-математика кафедрасы Швециядан келген профессормен жұмыс істеді. Екінші үлкен жоба – Колумбия университетінің профессоры арнайы курс өткізді.
РКС: Еліміздің ғылым және жоғары білім министрлігі Google-мен бірлесіп университетке 20 орын бөлген. Яғни студенттер бір семестр бойы жасанды интелектіні енгізу бойынша тегін білім алды. Сонымен қатар әлемдік университеттердің платформаларында жоғары оқу орнының ректоры, проректорлары, декан, кафедра меңгерушілері жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу бойынша курстан өтті.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ