ДИКТОР: Нашақорлық мәселесі Президенттің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында көрініс табады. Бұл әлеуметтік құбылыс қазіргі заманның жаһандық проблемасына айналған. Жастардың есірткі ортасына тартылуы өзекті болып отыр. Бұған дейін министрлік 2023-2025 жылдарға арналған есірткі және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірлеген еді. Оған сәйкес өңірдің тәртіп сақшылары қажетті жұмыстарды жүргізуде.

РКС: Былтыр өңірде 50-ге жуық жасырын есірткі таратушы ұсталды. Бір айдың ішінде 3 дерек тіркелді. Көбіне бұл іске жасөспірімдер тартылады. Олардың арасында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, тіпті мектеп оқушылары да бар.

СНХ: ДУМАН САБЫРЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Соңғы 4 жылда есірткіні, оның ішінде синтетикалық түрін заңсыз сақтау мен таратуға байланысты есірткі қылмыстарын тіркеудің өсімі байқалады. Былтыр 2 фитозертхана жойылып, облыс аумағына есірткі жеткізудің 9 арнасының жолы кесілді.

РКС: Айта кетейік, өткен жылдың соңында Президент жасырын есірткі таратушылар қылмыстық жазалаудың мейлінше жұмсартылған шарасын енгізу және есірткі өндіру мен өткізу үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселесін реттейтін заңға қол қойды. Өзгерістер 3 наурыздан бастап күшіне енеді.

ИНФОГРАФИКА МӘТІНІ: Заң есірткі өндірісіне жауапкершілікті қатайтып отыр. Енді бұл үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе мүлкін тәркілей отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру қаупі бар. Енді есірткі таратқан лауазымды тұлғаларға қатысты да қатаң жаза қарастырылған. 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылыуы мүмкін. Бұрын мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін істі болатын. Есірткі жасырушылар үшін жаза аздап жеңілдейді. Егер бұрын олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, қазір оның мерзімі біршама азайды. 5 жылдан 8 жылға дейін. Бұл ретте есірткі жасырумен қайтадан айналысты деген айып тағылған жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ИНФОГРАФИКА:

- 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру

- есірткі таратқан лауазымды тұлғалар -15 жылдан 20 жылға дейін

- есірткі жасырушылар - 5 жылдан 8 жылға дейін

- қайта айып тағылған кезде - 7 жылдан 12 жылға дейін

РКС: Есірткі курьерлері негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар есірткі дайындамайды және өңдемейді. Тек олар заңсыз бизнес ұйымдастырушылардың құрығына ілініп қалып жатады. Жазасын өтеп жатқан көптеген есірткі жасырушылар алғаш рет заң бұзғандар. Сондықтан мемлекет оларға ертерек бостандыққа шығуға және жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді.

МҰРАТ НҰРСӘУЛЕ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАУБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.