ДИКТОР: Былтыр өңірде 411 адам құтқарылып, 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Ал 126 адам алғашқы-медициналық көмек алды. Аталған деректер құтқару қызметінің төтенше жағдайларға дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді.
РКС: Өткен жылы өңірде 872 өрт жағдайы тіркелген. Бұл 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,8 процентке төмен. Заманауи технологиялар, дрон, геоақпараттық, Smart жүйелер тәуекелдерді уақытылы анықтап, әрекет етуге көмектеседі.
СНХ: ИНДИРА ЖҮНІСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ: Біздің міндетіміз 101 немесе 112 нөміріне төтенше жағдай кезінде хабарлама түскен кезде өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларды орнына жіберу. Өрт болған жағдайда, өрт кезінде адамдарды, адамдардың заттарын құтқару- біздің міндетіміз. Тағы да бізге «Қазгидрометтен» дауылды ескерту туралы хабарлама түскен кезде біздің міндетіміз мобильдік операторларға сол дауылды ескерту туралы хабарлама жіберу. «ҚазАвтожолдан» республикалық және облыстық жолдарды жабу туралы анықтама түскен кезде біздің міндетіміз теле-радио каналдары арқылы хабарлама жіберу, тағы да «Darmen», смс-хабарлама және әлеуметтік желілер арқылы біздің міндетіміз.
РКС: Өңірде төтенше жағдайлар қызметі мен «Қазгидромет» орталығы бірлесе отырып тұрғындарға уақытылы ескерту смс-хабарламалар жіберіледі.
СНХ:САЛТАНАТ ОҢАЙБАЕВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақмола облысы бойынша филиалы күнінне, қысқа мерзімді 1-3 күнге арналған облыс бойынша ауа райы болжамдарын, сондай-ақ қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстар – бұрқасын, көктайғақ, тұман, желдің уытқуы сияқты және тағы да басқа құбылыстар туындаған жағдайда дауылды екскертулер шығарылып, жергілікті атқарушы органдарға, яғни олыстық және аудандық әкімдіктерге, Төтенше жағдайлар департаментіне, Жол полициясы басқармасына, «Қазақстан темір жолы», білім бөлімдеріне және басқа да мүдделі тұтынушыларға жеткізіледі. Және тиісті алдын-алу шаралар қабылданады.
РКС: Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жыл сайын профилактикалық рейдтер өткізеді, тұрғындар арасында қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізеді. Мәселен, былтыр рейдтік шаралар өткізу барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 1 мыңнан аса тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 300-ге жуығына айыппұл салынған. 1300-дей профилактикалық бақылау мен жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ