ДИКТОР: Көкшетауда соңғы күндері толассыз жауған қар көлік қозғалысы түгілі, жаяу жүргіншілерге де біраз қиындық туғызуда. Қаланың тазалығына жауапты коммуналдық мекемелер тәулік бойы уақытпен санаспай қардан тазалауда.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қала көшелерін қардан тазалауға "Көкше-тазалық" және "Зерен плюс 2006" серіктестіктері жауапты. Қазір 2 ауысымда жұмыс қыза түскен.

СНХ: ВЛАДИМИР ГЕРГЕРТ, УЧАСКЕ БРИГАДИРІ: Бізде 20 адамнан тұратын 2 бригада бар. Таңғы 7-ден кешкі 6-ға дейін жұмыс істейміз. Қар жауған кезде түнге дейін жұмыс істейміз. Жұмыс көлемін аяқтау үшін. Ең алдымен қар тазалауды Әуелбеков көшесінен бастаймыз. Кейін Ақан сері көшесін тазалаймыз. Қар тазалауда ешқандай мәселе жоқ. Барлығына үлгеріп жатырмыз.

РКС: Қалалық коммуналдық мекеме жұмысшылары көшелердегі қарды шығарғанымен, жолдың жиегі дұрыс тазартылмайды. Соның салдарынан жаяу жүргіншілердің қарсы бетке өтуіне біршама кедергі келтіруде. Жауапты сала мамандары кестеге сәйкес барлық аула қардан тазартылады деп отыр.

СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жұмыстар күнделікті. Яғни, екі ауысыммен түнгі және күндізгі джұмыстар болып бөлінеді. Түнгі уақытта механикалық жұмыстар. Яғни, ол техникамен жол сыру, сыпыру сияқты жұмыстар атқарылады. Күндізгі уақытта жол бойындағы қарларды шығару, тратуарларды тазалау тайғаққа қарсы арнайы заттарды себу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Күнделікті жүргізілетін жұмыстарға Көкшетау қаласы әкімдігі тарапынан, сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізіледі.

РКС: Осы уақытқа дейін 60 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Жалпы бұл жұмысқа 50 техника мен 100-ге жуық жұмысшы тартылған. Ал, бюджеттен 400 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ