ДИКТОР: "Kokshe" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірдің экономикалық дамуына жәрдемдеседі. Ол үшін әрекет жасап, жедел шешім қабылдау қажет. Облыс әкімі Марат Ахметжанов кеңесте осылай деді. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау құралдары мен ауыл шаруашылығы саласындағы цифрландыруды дамыту мәселелері талқыланды.
РКС: Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация Көкшетау қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын іске асыруда. Жоба инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың қолайлы өмір сүру жағдайывн жақсартуға бағытталған. Тұрғын үй аймақтарынан басқа қоғамдық кеңістікті дамыту да маңызды,-деп атап өтті өңір басшысы. Бірыңғай стиль және көгалдандыру мәселелері пысықталуда. Облыс орталығында тозығы жеткен 11тұрғын үй орналасқан жергілікті аймақтарды жаңарту жоспарланған.
СНХ: ӘЛИ ӘЛИЕВ, "KOKSHE" ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Көкшетау қаласы бойынша 149 үй, 11 жергілікті аймақты жаңғырту жоспарланған. Қазір біз жаңарту бағдарламасын 2 кезеңге бөлдік. Бұл 25-27 және 28-30 жылдарды қамтиды. 25-27 жыл 5 және жергілікті аймақ бойынша нақты даму болады. Бірінші жобаны Абай-Әуезов-Тәшенов-Пушкин көшелерінің квадратынан бастайық. бірінші жаңарту жобасы осы жылдың қараша айында аяқталады.
РКС: Сондай-ақ ауылдық өндірістік коперативінің қарамағында мемлекеттік қолдаудың бірқатар шаралары бар. Бұл "Ауыл Аманаты", "Кең дала 2" бағдарламалары және агроөнеркәсіптік кешенге инвестицияларды тарту. Маусымдық дала жұмыстарының дайындығына 2,7 млрд теңге бөлінді. Өңір басшысы жергілікті әкімдіктер мен бейінді ведомствоның шетте қалмауы тиіс екенін атап өтті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Әркімнің өз жауапкершілік аймағы болуы тиіс. Сізге ақша түскен жағдайда, сіз жылдам, ешқандай кідіріссіз, кімге берілуі керек бөліп бересіз. Екіншіден-қазірдің өзінде әкімдер мен ауыл шаруашылығы басқармасы олардың қалай пайдаланылатынын бақылауы керек. Мұндай механизмдерді тез, тиімді ойлап табу керек. "Бір терезе принципі" сияқты.
РКС: Ауылдық аумақтардың дамуы экономикаға құйылатын қаржыға байланысты. Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі үшін ауыл шаруашылығы саласында заманауи шешімдер қажет. Олар туралы облыс әкіміне цифрландыру басқармасының басшысы мәлімдеді.
СНХ: МАҒЖАН ЕРЖАН, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Агроөнеркәсіптік кешенді, әлеуметтік мәселелерді цифрландыру және бюджеттік жоспарлауға қатысты облыс әкімінің стратегиялық тапсырмасы бар. Өз жоспарларымызды, стратегияларымызды көрсеттік. Ахуалдық орталықтың жоспарлары таныстырылды. Тұтастай алғанда, цифрландыру призмасы арқылы біздің облысымыздың игілігі үшін жұмысты жалғастырамыз.
РКС: Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Қосымшада әр танап туралы ақпарат бар. Мұндай шараның тиімділігін бағалағаннан кейін бағдарлама аймақ деңгейінде қолданылады.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ,ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ КАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.