ДИКТОР: Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасы жаңа заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Бұған дейін қала тұрғындары тек еліміздің ірі қалаларында ғана бірқатар қызметті алатын. Енді дәл осындай қызмет түрі облыс орталығында да ұсынылмақ. Айта кетейік, өңірдің медициналық мекемелері үнемі жаңғыртылуда. Қазір денсаулық сақтау саласына облыс басшылығы ерекше басымдық беріп отыр.
РКС: Жаңа технологиялар дәрігерлерге диагностика мен емдеудің зор мүмкіндігін ұсынады. Жаңадан алынған аппараттардың қатарында бейнетехнологияның көмегімен эндотрахеальді интубация жүргізуге болады. Плазманы ерітетін, қан қысымын автоматты түрде өлшейтін СМАД – аппарат, сондай – ақ электрокардиограмманы тіркеу үшін қолданылатын апараттар да бар. Мұндай жаңа жабдықтар өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді.
СНХ: СӘКЕН ҚАЛЫМЖАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз хирургиялық және гинекологиялық операцияларды жүргізу үшін Карл Сторц фирмасының бейнеэндоскопиялық стендін толықтырдық. Әрі қарай, тастарды литотрипсиялауға арналған аппарат, яғни бүйрек, несепағар және қуықтағы тастарды ұсақтауға арналған. Бүгінгі таңда осы бағыттағы урологиялық қызметке үлкен қолдау көрсетілуде. Бұрын қаламыздың пациенттері Астана және Алматы қалаларының жақын маңдағы республикалық клиникаларына жүгінсе, енді бұл көмекті тұрғындар біздің қалалық ауруханадан тікелей ала алады.
РКС: Плазманы ерітетін аппарат аса қажет құрылғы. Ол қанды және оның компоненттерін әрі қарай пайдалану үшін қажетті температурада тез және сапалы ерітуге, жылытуға және сақтауға мүмкіндік береді.
СНХ: КРИСТИНА ЛИХАЧЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ЖАН САҚТАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Плазмалық еріткіш болмаса да, біз осы уақытқа дейін мүмкіндігінше жұмыс істеп келдік. Өте қымбат құрылғы, сондықтан оны сатып алуға шамамыз жеткен жоқ. Міне, қазір бұл мәселе оң шешілді. Бұл трансфузиялық терапиядан кейінгі асқынулардың санын азайтуға және гемотрансфузия сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. .
РКС: Техникалық базаны үнемі жаңартып отыру халықтың денсаулығын жақсартуға және ауыр сырқаттардың қаупін азайтуға көмектеседі. Мамандар денсаулық сақтау нысандарын жаңарту тек маңызды міндет емес, сонымен қатар ақмолалықтардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігінің кепілі екенін атап өтті.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ