ДИКТОР: Жарқайың ауданында 80 отбасы баспаналы болды. Жастар шағын ауданында салынған көппәтерлі тұрғын үй көп балалы, әлеуметтік жағынан осал топтар, жетім және мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Пәтер кілттерін салтанатты табыстау рәсіміне арнайы келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов аудан тұрғындарын құттықтап, бұл баспана көптеген отбасы үшін жаңа өмір бастамасы екендігін айтты. Қайта жөндеуден өткен тұрғын үй әлеуметтік жағынан осал топтарға арналған және Мемлекет басшысының тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік бастамалары аясында жүзеге асты.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ СЕЙІТБЕК, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Шаңырақтарыңыз биік болсын, әр отбасына осындай жақсылық тілеймін. Бүгін бізде көптеген отбасы пәтер иесі атанып жатыр. Қоныс тойымыз құтты болсын. Әкімшілікке көптен көп рахмет.
РКС: Пәтер иесі атанғандар қатарында 17 көпбалалы, 36 жалғызбасты ана, 16 жетім санатындағы адам, 8 мүмкіндігі шектеулі жан, 2 зейнеткер және мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған бір отбасы бар. Аудан аумағында баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жыл бойы жалғасады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ