ДИКТОР: Ақмола облысында былтыр эксперименталды білім беру бағдарламасы енгізіліп, мектептердің 10-11 сынып оқушылары негізгі біліммен қатар жұмысшы мамандықтарын игеріп жүр. Ал бүгін кәсіптік білім алып жатқан жеткіншектердің алғашқы тобы диплом алды. "Аспазшы" және "Кондитер" мамандығын игерген бозбалалар мен бойжеткендерді болашақта жұмысқа тарту көзделіп отыр.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бұл оқушылар 1,5 жыл оқып, "Аспазшы" және "Кондитер" мамандығын меңгерген. Мәселен, Аружан Қажымұратова кондитерліктің қыр-сырын игеруді ұйғарыпты. Болашақта осы сала бойынша кәсіп ашуды көздеп отыр.
СНХ: АРУЖАН ҚАЖЫМҰРАТОВА, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Бүгін диплом алдым және алдағы уақытта осы мамандықта жұмыс істеймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды "Жұмысшылар" жылы деп жариялағанына қатты қуаныштымын! Себебі, бұл біздей жас мамандарға үлкен мүмкіндік және қолдау.
РКС: Бүгінде өңірде "Талапкер" пилоттық жоба аясында 50-ден астам оқушы кәсіптік білім алып жүр.
СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әр аймақта екі-екі колледжден анықталды. Ақмола облысы бойынша Көкшетау құрылыс-технологиялық колледжі мен Степногорск жоғары колледжі таңдалды. 10-сынып оқушылары арасында мамандық таңдау бойынша қабылдау жарияланды. Екі жыл бойы оқушылар жалпы білім беру бағдарламасы бойынша мектептегі сабағын колледждегі оқумен ұштастырып отырды. Осылайша, олар кәсіби маман иесі атануда.
РКС: Мемлекет басшысының Жолдауында техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттігі айтылған еді. Бұл - экономиканың өсімін қамтамасыз ету үшін маңызды. Сондықтан да, өңірде мектеп жасынан жұмысшы мамандығын игеру мәселесі қолға алынған.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ