ДИКТОР: Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өту шеңберінде облыс аумағында 500-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Жеңістің 80 жылдығы да 80 күн бойы аталып өтпек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары жиналған дөңгелек үстел барысында айтылды.

РКС: Іс-шарада облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова алдымен жиналғандарға "Қоғамдық келісім" мемлекеттік мекемесінің жаңа басшысы Қуаныш Шақшақовты таныстырды. Жиналған түрлі этнос өкілдерінің төрағалары өз мәдени орталықтарының құрылу тарихына тоқталып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өту жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

СНХ: ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Осы жылға қандай ұсыныстарыңыз бар? Жұмысымызда қандай кемшіліктер бар? Оларды қалай шешуге болады. Жоспар құрылды бекітілді. Біздің орталықтар мен ұлттық этностардың пікірі бар шығар. Тыңдаймыз.

РКС: Өңірдегі татар-башқұрт мәдени орталығы Сабантойды биыл халықаралық деңгейде атап өтсек деген ұсынысын білдірді. Ал өзбек мәдени ұлттық орталығы Ұлы Жеңістің 80 және Ассамблеяның 30 жылдығы шеңберінде еліміздің әр түкпірінен түрлі этнос өкілдерін шақырсақ деген ойларымен бөлісті.

СНХ: ТАЖИБУВИ МЕДЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: біз жыл сайын аудандық, облыстық деңгейде іс-шаралар өткізудеміз. Биыл енді ерекше етіп республикалық деңгейде атап өтсек деген ұсынысымыз бар. Республиканың әр түкпірінен түрлі этнос өкілдерін шақырып, Ақмола облысы қалай жұмыс істеп жатыр соны көрсетсек дейміз.

РКС: Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өту шеңберінде де өңірде көптеген іс-шаралар жоспарланып отыр.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Облыстық ардагерлер кеңесі ақсақалдарымызбен биыл үлкен іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр. Ол "Жұлдызды 80 күн" деп аталатын болады. Сол іс-шаралардың төрттен бір бөлігіне Ассамблея өкілдері қатысатындығына сенімдімін. Өйткені этно мәдени орталықтар мұндай іс-шараларға үнемі белсенді атсалысады. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына да үлестерін қосады деп сенемін. Осы залда басталатын іс-шаралар легі барлық білім ошағында, жоғары оқу орнында түрлі форматта, яғни 80 іс-шара өткізу жоспарлануда. Өздеріңіз білесіздер Жеңіс күнінің маңыздылығы өте жоғары.

РКС: Бас қосуда түрлі ұлттың мәдени орталық өкілдері сөз алып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ