ДИКТОР: Щучинск қаласында аудандық Мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын. 400 орынға шақталған. Тұрғындар мәдени ошақтың ашылуын асыға күтіп жүр. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов Бурабай ауданына жұмыс сапары кезінде жаңа мекемеге барды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: «Асыл әжелер тобының» Щучинск қаласында құрылғанына он жылға таяп қалды. Түрлі мәдени шараның бел ортасынан табылатын белсенді ұжым. Жаңа мәдениет үйі шығармашыл зиялы қауымның бос уақытын тиімді өткізуге арналған орын,-дейді олар.

СНХ: ҚАТИЯ ӘБДІРОВА, ЗЕЙНЕТКЕР: Біздің қалада өнерлі адамдар өте көп. Соның бәрінің басын қосылып, ұйымдастырушы осы бізде мәдениет сарайының қызметкерлері атсалысып, біздерді жинап алды. Енді біздің осы қарттар адамдардың осындай өнерде атсалысып жүргеніміз бұл жастарға өнеге деп есептейміз, әрине. Зейнетке шыққаннан кейін үйде отырып қалсақ, уже қарайып, өзіңізге өзіңіз қарамайды. Енді солай боп қаламыз ғой. Ал мына жерде жүргеннен кейін бізге жақсылық береді. Бізге қарап, жастар да әрине тартылады бұл жерге.

РКС: Ғимараттың аумағы 5 мың шаршы метрден асады. Акт залы, хореография, дайындық және конференция өткізетін орынның бәрі қажетті жабдықтармен жарақтандырылған. Бұдан бөлек, дыбыс жазу және көркемсурет студиясы, балет сыныбы мен мамандандырылған кабинеттер де жасақталған. Жоба құны 1,5 миллиард теңгеден асады. Мердігер ұйым нысанды белгіленген мерзімнен бұрын қолданысқа беруді жоспарлап отыр.

СНХ: МАРАТ СҮЛЕЙМЕНОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын. Шамалы ғана жұмыс қалды, жасалған ескертпелерді қалыпқа келтіріп жатырмыз. Сапалы құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар таңдалды. Жұмыстың бәрі тапсырыс берушінің, автолардың және техникалық қадағалау органының қатысуымен жүзеге асырылды. Халық риза. Жаңа жылдың алдында балаларға ертеңгіліктер, концерттер ұйымдастырдық. Аумағын абаттандырдық. Ғимараттың сыртқы жағында автокөлікке арналған тұрақ та бар.

РКС: Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов биылғы жылға арналған даму жоспарымен де танысты. Аудан әкімі Арай Сыздықов қалалық инфрақұрылымды дамыту аясында жүзеге асырылған және жоспарланған жобалар жайында баяндады. Тұрғын үй құрылысы, туризм, инженерлік желілерді жақсарту бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. Туристер мен инвесторларды тарту, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту – басым бағыттардың бірі.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ