ДИКТОР: Жаңа жылдан бастап Көкшетау қаласының зейнеткерлері қоғамдық көліктер тегін жүре бастады. Айта кетейік, шаһарда зейнет жасындағы 29477 адам тұрады. Көкшетау қаласының әкімдігі мен тасымалдаушылар арасындағы меморандумға сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жеңілдік карталары жасалғанға дейін үш ай бойы зейнеткерлер тегін тасымалданады.

РКС: Құжаттар қабылдау 5-ші қаңтардан басталды. Үш ай бойы бұл рәсім жүзеге асырылады. Тұрғындар анықтама алу үшін Шалқар көшесі 9-шы а мекенжайында орналасқан Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінуі тиіс.

СНХ: МАХАББАТ САМРАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Оперзалда үш терезе анықтама беріліп жатыр. Анықтама алу үшін тұрғындар өзімен бірге жеке куәлігін әкелсе жеткілікті. Мамандар тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексереді, содан кейін анықтама беріледі. Бұл анықтамамен зейнеткерлер карта алу үшін «KOKSHE BUS-TOLEM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне баруы қажет.

РКС: Айта кетейік, бұл серіктестік электронды билет жүйесінің операторы. Күн сайын 300-дей анықтама беріледі. Әлеуметтік қызметтің мамандары мен волонтерлер зейнет жасына жеткендердің тұрғылықты жерін растайтын анықтаманы қариялардың үйлеріне жеткізіп беру жұмысын да ұйымдастыруда. Бұл шара зейнет жасына жеткендердің жеңілдік картасын тездетіп алу үшін жасалып отыр. Анықтама қолына тиген зейнеткер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бармай-ақ, бірден «Kokshe Bus Tоlemнің» пунктінен жеңілдік картасын ала алады.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ