ДИКТОР: Еліміздің мемлекеттік саясатының басты мақсаты – кедейлік шегіне жеткен азаматтарға қолдау көрсету. Ол өз кезегінде қаржылық жағынан жәрдем ғана емес, сонымен бірге жұмысқа орналастыру, оқыту, қайта даярлау бағдарламаларын қамтиды. Бұл шаралар өмір сүру сапасын жақсартуға және отбасының тұрақты дамуына сенімді негіз бола алады.

РКС: Нұргүл Жұмабекова екі баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Мемлекет отбасын атаулы әлеуметтік көмек арқылы демеп отыр. Жалғызбасты ана оның жағдайына назар аударып, жан-жақты қолдау білдіріп жатқан мемлекетке ризашылығын білдіруде.

СНХ: НҰРГҮЛ ЖҰМАБЕКОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Атаулы әлеуметтік көмек бізге әжептәуір қолдау. Балабақша тегін. Құжат жинаушы ретінде қоғамдық жұмыс істедім. Мансап орталығына келмей-ақ eGov mobile қосымшасы арқылы өтінім беруге болады. Бұл өте ыңғайлы.

СНХ: ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 1-ші қаңтардан бастап кедейлік шегі тұрғындардың медианалық табысының 35 проценті деңгейінде айқындалып отыр. Бірақ, нақты деңгейден төмен емес. Яғни өңірлік күнкөріс шегінің 70 проценті. Қазір күнкөріс мөлшері 50 мың 529 теңге. Біздің есепті алсақ, онда бізде кедейлік шегі медианды табыстың 35 проценті-ол дегеніміз 32 мың 571 теңге. Күнкөріс мөлшерінен 35529 теңге.

РКС: Жетінші бағдарлама бойынша 68 мың азаматқа 2 миллиард теңгеден астам сомаға әлеуметтік көмек көрсетілді. Олардың қатарында барлық топтағы мүгедектер, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, соғыс ардагерлері бар. 1-ші қаңтардан бастап облыс әкімінің тапсырмасы бойынша зейнет жасына жеткен барлық қария Көкшетау қаласы бойынша қоғамдық көліктер тегін жүруде.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ