ДИКТОР: Бүгін Көкшетауда шаңғы жарысынан облыстық чемпионат пен біріншіліктің финалы өтіп, қздіктер марапаттарды. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Эстафета кезеңіне 1,5, екі және 4 шақырым трассаларда әр командадан үш спортшыдан қатысты. Жарыстың алғашқы екі күнінің қорытындысы бойынша Зеренді мен Бурабай аудандарының, сондай-ақ Көкшетау қаласының өкілдері үздік нәтиже көрсетті.

СНХ: ОЛЕГ КОЛОМЕЕЦ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Алғашқы екі күнде коньки мен классикалық стильде жеке жарыстар өтті. Бүгін ең қызықты кезең. Шынымен жеңіске жеткен командаларды анықтаймыз. Осы жарыстардың қорытындысы бойынша ақпан айында республикалық жарыстарға қатысатын команда жасақталады. Облыс чемпионаты жылына бір рет өтеді. Аралық кезең ретінде жазғы жарыстар да өткізіледі.

РКС: 1,5 шақырым трассада ең жылдам шаңғышылар қатарына Зеренді ауданының қыздар командасы кірді. 4 жыл ішінде олар бірнеше рет жүлделі орынға ие болды. Бүгін олар жеңімпаз команда ретінде танылды.

СНХ: ЕВА ЛЕОНОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Мен үш жыл бойы шаңғы спортымен айналысып жүрмін. Маған өте ұнайды. Кеше мен үшінші, алдыңғы күні төртінші, ал бүгін бірінші орынды иелендім. Әрі қарай шаңғы спортын жалғастырғым келеді.

СНХ: АРИНА КРАПЛИНА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Мен 3,5 жыл шаңғы тебемін. Шаңғы тебуді өте жақсы көремін. 2023 жылы Чеботько чемпионатында жеңіске жетіп, бірінші орынды иелендім. Былтыр 3-ші орынға ие болдым. Кеше коньки стильді кезеңінде 1-ші орыннан көрінсем, алдыңғы күні классикада 2-ші орынды иелендім.

СНХ: АДЕЛИНА ЖАКУПОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Мен шамамен 4 жыл бойы шаңғымен айналысып жүрмін. Менде көптеген жетістіктерім де бар. Эстафетада Қазақстан Республикасының чемпионатында біз роллер түрі бойынша 3-ші орынды иелендік.

РКС: Облыстық жарыста Зеренді, Бурабай, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қаласының командалары үздіктер қатарынан көрінді. Республикалық жарыстарға қатысатын команданы төрешілер алқасы іріктейді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.