ДИКТОР: Красный Яр селосындағы Көкше мәдениет үйінің сахнасында керілген шаршы алаңда жасөспірім боксшылар халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мереке Жүсіповтың құрметіне арналған ашық турнирде күш сынасуда.

РКС: Красный Яр селосында туып-өсіп, білікті бапкер Қуанышбай Қоқышевтан тәлім алған Мереке Жүсіпов осымен 21 мәрте жасөспірімдер турнирін өткізуде. Оның негізгі мақсаты- балалар спортын, оның ішінде бокстың бұқаралығын арттыру. Жарыстың ашылу салтанатында Көкшетау қаласының әкімі Мереке Ертайұлының ел спортына қосқан үлесін жастарды боксқа баулудағы жемісті еңбегін атап өтті.

СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев балалар спортын дамытуды үнемі бақылауға алады. Осы орайда жыл сайын географиясы кең боксшылар турнирін өткізіп жүрген Мереке Жүсіповке алғыс айту керек.

РКС: Мереке Жүсіпов турнирінің ашылу салтанатынан соң, шаршы алаңға 11 жұп шығып күш сынасты. Бүгін жеңіске жеткендері алдағы кездесулерге жолдама алды.

ИНТЕРШУМ:

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Бұл турнирде олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жерлесіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Руслан Мусинов тұсауын кескен болатын.

РКС: Жасөспірім боксшылардың жарысы Красный Яр селосындағы «Көкше» мәдениет үйінде одан әрі жалғасуда. Кездесулер 7 және 8-қаңтарда 14.00 сағатта басталады. Финалдық ойындар 9-қаңтар күні сағат 11.00-де өтеді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ