ДИКТОР: Көкшетауда қаңтардың 5-сі мен 8-і аралығында шаңғы жарысынан облыстық чемпионат пен біріншілік өтіп жатыр. Жарысқа 240-қа жуық спортшы қатысуда. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Облыстық чемпионатқа Ақкөл, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Зеренді мен Сандықтау аудандары, сонымен қатар Шортанды ауылы мен Көкшетау қаласының спортшылары қатысып жатыр. Спортшылар 1,5, үш, 5 және 7,5 шақырым трассаларда жарысуда.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі жарысты Ақмола облысының құрамын жасақтау және Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу үшін іріктеу кезеңі деп бағалау керек. Республика чемпионаты ақпан айында Щучинск қаласында өтеді. Сондай-ақ, қаңтар айында Шығыс Еуропа кубогының кезеңі де өтпек. Қаңтар айында Италияда Универсиада басталады. Осы жарыстарда спортшыларымыз шаңғы жарысы, биатлон, шорт тректен Қазақстан құрама командасының атынан қатысады. Ақпан айында Харбинде, Қытайда Азия ойындары басталады. Бүгінде облысымыздың 19 спортшысы осы жарыстарға қатысуға үміткер.

РКС: Жарысқа Шортанды ауылынан жас спортшы Даниил Громов қатысып жатыр. Жасы 11-де ғана болғанымен, спортпен 4 жыл бойы айналысып жүр. Жаттықтырушысы Александр Яшков. Оның тағы бір тәрбиеленушісі - Қазақстан құрамасының мүшесі Федор Карпов.

СНХ: ДАНИИЛ ГРОМОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Мен Щучинск қаласында өткен республикалық жарысқа қатысып, бесінші орынды иелендім. Жарыстарға көбірек қатысып, жеңіске жеткім келеді. Қатарластарыма шаңғы спортымен айналысыңдар, бұл жақсы спорт деп айтар едім. .

РКС: Ақкөл ауданында шаңғы базасы жоқ. Жаттықтырушылар Александр Червяков пен Анна Лебедева балғын шаңғы әуесқойларының спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау үшін өз үйлерін шаңғы базаға айналдыруға мәжбүр болып отыр.

СНХ: АЛЕКСАНДР ЧЕРВЯКОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Мен Ақкөл қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысымын. Спортта жақсы нәтижелерге жеттім. Азия ойындарының төрт дүркін чемпионымын. Биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін. Біз жаттықтырушылық қызметті енді бастап жатырмыз. Десе де нәтиже жаман емес. Спортшыларымыздың 1-ші, 2-ші мен 3-ші разрядтары бар.

СНХ: АННА ЛЕБЕДЕВА, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Ақкөл қаласында шаңғы жарысын бірге жүргізіп, спортты нольден бастап келеміз. Қалада спорттың жағдайы қиын, шаңғы базасы жоқ. Қазір өз күшімен жағдай жасап отырмыз. Бізде 50-ге жуық бала жаттығуда, олардың 12-сін бүгін осында әкелдік. Ақкөл қаласында өз күшімізбен шаңғы базасын ұйымдастырып отырмыз, бұл біздің жеке жер үйіміз. Балалардың жаттығу кезінде тоңып қалмауы үшін күнде келіп, пеш жағамыз. Болашақта жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз.

РКС: Облыстық чемпионат қаңтардың 8-і күні эстафетамен аяқталады. Жарыста үздік шыққандар ақпан айында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.