ДИКТОР: Өңірде ауа райы күрт нашарлап, жауын-шашынның салдарынан көшемен жүру қиынға соғуда. Көктайғақтан тұрғындардың жарақаттануы жиілеп кетті. Қаңтардың алғашқы аптасында 300-ге жуық адам облыстық көпсалалы ауруханасы травматология бөлімшесінің көмегіне жүгінді. 200-ден астам адам аяқ-қолдарын жарақаттап алған. Тілшіміз Тоғжан Байменова баяндайды.

РКС: Жаңа жыл көпшілік ақмолалық үшін жағымсыз басталды десек болады. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен көшелерде көк мұз пайда болды. Соның кесірінен тұрғындардың көпшілігі түрлі жарақат алған.

СНХ: РИНАТ СМАЙЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ: Жарақаттардың көбі көшеде орын алған. Сондай-ақ абайсызда тайып жығылу дерегі көп. Жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттанғандар да бар. Сондықтан азаматтар ең алдымен аяқ киім таңдауда мұқият болса екен деймін.

РКС: Щучинск қаласының тұрғыны Айбек Молдабаев та көктайғақтың кесірінен аурухана төсегіне таңылған. Көпқабатты үйдің кіреберісінде шалынып құлап, қолын сындырып алған. Жақында операция жасалмақ.

СНХ: АЙБЕК МОЛДАБАЕВ, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ауруханаға келгеннен кейін, қолымның сынғанын анықтады. Арнайы тексерістерден өтіп, анализдер тапсырдым. Бөлімше қызметкерлерінің жұмысына риза болдым. Далада мұқият болуды сұраймын. Ең бастысы-денсаулық.

РКС: Аймақтағы жолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдардағы көктайғақ әлі де қауіпті болып тұр. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан ауа райы қалыпқа келгенше мейлінше жаяу жүргіншілер өткелдері мен жолдарда абай болу қажет.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭДУАРД, ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ