ДИКТОР: Мәжіліс депутаты Айна Мүсірәлімова жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді. Халық қалаулысы облыстық білім басқармасының өкілдерімен кездесіп, одан соң жануарларға арналған арнайы орынның жұмыс барысымен танысты. Балаларды қорғау, инклюзия және кәсіби патронаттық отбасылардың өзекті мәселелері талқыланды.
РКС: Қазақстанда өткен жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауды жақсартуға қатысты маңызды қадамдар жасалды. Өткен жылдың желтоқсанында Сенат "Кәсіби патронаттық тәрбие туралы" заңды мақұлдады. Ол ең алдымен балалардың өмір сүруі мен тәрбиеленуі үшін тұрақты және қолайлы ортаны қамтамасыз ететін отбасылық құрылымның жаңа түрі екені белгілі. Осы және басқа да мәселелер білім басқармасының басшысымен кездесу барысында талқыланды.
СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Осы қызметтерді атқаратын мамандарының өзіне келетін болсақ та, штаттық жағдайға, ішке келетін болсақ, мамандардың жетіспеушілігі де бар. Ең басты, өйткені облыс бойынша жаңа мәселелердің, не болмаса олқылықтардың, не болмаса, сұрақтарға жауап бере алмайтын өзіңіз ескерту айттыңыз, дұрыс айтылды. Мысалы, қазір бір Ақмола облысында білім басқармасында 1 ғана маман отыр қазір.
РКС: Депутат жануарлардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды. Айна Мүсірәлімова Көкшетаудағы қаңғыбас жануарларға арналған орынға барды. Еріктілер мен үй жануарларын қорғаушылар бірқатар бастама ұсынды, олардың ішінде үй жануарларын ұстауды бақылау, міндетті түрде чиптеу және серуендеу ережелерін реттеу. Олар сондай-ақ полициямен бірге жануарларды ұстау жағдайларын тексеру бойынша рейдтер жүргізуді де ұсынып отыр.
СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Мен жануарларды қорғау жөніндегі жұмыс тобының құрамындамын. Бұл заң жобасында жануарларды, иттерді, мысықтарды және басқаларын қолда ұстау мәселесі өте белсендіжүріп жатыр. Біз заң жобасын талқылаған кезде кейбір ұсыныстарды көреміз, бір жерде біз тікелей азаматтардың жануарларды қолға ұстауы қызығушылықтан туындағанын көрсек, тұрғындар жауапкершілікті мемлекетке артып қойған. Бұл жөнінде тармақтар заңнамаға түзетулер ретінде енгізілетін болады.
РКС: Сапар барысында айтылған барлық ұсынысты депутат бақылауға алуға уәде берді. Кейбір мәселелерді республикалық деңгейде талқылауға шығару жоспарланып отыр.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.