ДИКТОР: Ұйытқыған боран, сарышұнақ аяз бұл азаматтардың жұмысына кедергі емес. Ауыр жұмысты тоқтатпай, қаланың тазалығын күн-түн демей қамтамасыз етіп келе жатқан жандардың еңбегі қашан да елеулі. Шаһар тазалығы сақшыларының бір күні қалай өтеді? Құрметке лайықты жұмысшының бірімен әріптесім Жанар Мұқышева танысып қайтты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қала көшелеріндегі жанға жайлы тазалықты атқару «Көкше-Тазалық» серіктестігіне тиесілі. Қазір бұл серіктестікте 150-ге жуық адам еңбек етуде. Солардың бірі - Беркінбай Оразин. Оның «Көкше-Тазалық» ұйымында күнделікті жұмыс уақыты таңғы сағат 8-ден басталады. Қала тазалығына үлесін қосып келе жатқанына 10 жылдың жүзі болған. Соңғы үш жыл бригадир. Жұмыстың ауырлығына қарамастан, бұл қызметті абыроймен атқарып келеді. Қазір оның қармағында 11 жұмысшы бар. Қарапайым еңбек адамдарына көңіл бөліп жатқанына қуанышты. Алдағы уақытта жалақы мөлшерін ұлғайтса екен деген тілегі де бар.

СНХ:БЕРКІНБАЙ ОРАЗИН,«КӨКШЕ-ТАЗАЛЫҚ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БРИГАДИРІ: Жақсы бәрі, иншалла. Уақытында 50 процентпен тамақтандырады. Киімдерді де береді. Осы жылдары біз суға кеткен кезде қиын болды. Тәулік бойы жұмыс істедік. Күні-түні. Жоспарды берді, осы жоспарды бітіруіміз керек бүгін. Қар көп болған кезде шақыру болып қалады. 6-дан бастап шығару. Кейде кеште түнде де істейміз. Күніне берген жоспарды орындаймыз. Бүгін мына көшені берді Темірбековаға дейін Қанай биден. Бүгін Алла жазса бітіреміз. Оны түске дейін бітіреміз. Сосын екінші көшеміз Пушкина-Әуезов. Президентіміз Тоқаев мырзаның айтып жатқаны Қара жұмысшылар жылы дейді ғой. Бізге кішкене көз қырын салып, жалақымызды өсірсе екен иншалла. Жалақымыз аздау. Қымбатшылық. Шындығын айтып жатырмын ғой. Иншалла жағдайымызы жақсы болар еді. Ең қиыны қыс пен көктем. Жазы күні мына арықтарды тазалаймыз ғой, сол қиын толып тұрады мусорға. Қара жұмыс қой енді. Күрекпен жүреміз. Тұрғындардың кейде қарсылықтары болады. Түсінбеушіліктері. Кейбіреуі түсінеді, рахметін айтып жатады бізге.

РКС:Беркінбай Оразин ұжымында да сыйлы. Еңбегінің таза жемісін көріп, адал нан тапқанына риза. Оны барлық ұжым құрметке лайық деп санайды. Серіктестік басшылығы оның ерен еңбегі мен жауапкершілігін бағалап,бригадир қызметіне тағайындаған.

СНХ:БАЙНИЯЗ ЖАНИЯЗ, «КӨКШЕ-ТАЗАЛЫҚ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АБАТТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ БАСТЫҒЫ: Оразин Беркінбай бізде қазір бригадир болып жұмыс атқарады. Жұмысшыларды қадағалайды. Жұмысты жақсы жүргізеді. Ол кісі «Көкше-Тазалықта» 9 жылдан артығымен жұмыс істеп келеді. Жұмысқа өте тиянақты, жауапкершілігі мол.

РКС:Құбылмалы ауа райына қарамастан, күнделікті қала көркін қалпында ұстауға ат салысып, мереке күндері де демалыссыз жұмыс істеп жүрген жандардың адал еңбегі әрқашан құрметке ие.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ