ДИКТОР: Жаңа жыл мерекесі күндері Ақмола облысының аумағында ауа температурасы 0-ден 15 градус аязға дейін ауытқиды. Метеорологтар 2025 жылдың басында ауа райы құбылмалы болғанымен, қолайлы болады деп болжам отыр.
РКС: Бүгін облыс аумағында күн ашық, айтарлықтай жауын-шашын болмайды. Күндіз сынап бағанасы 5 пен 10 градустың арасында салқын, түнде 15 градусқа дейін аяз. Бүгін кешкісін Көкшетау қаласы бойынша аздап жел тұрады. Ауа температурасы 10-12 градус шамасында суық болады.
СНХ: САЛТАНАТ ОҢАЙБАЕВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: Жаңа жылдың алғашқы түні Атлант Мұхитынан жылы ауа массасы келеді. Таңертең сынап бағанасы 5-10 градус шамасында суық болса, күндіз 5 градус қана салқындықты көрсетеді. Жаңа жыл түнінде кей жерлерде, ал күндіз барлық аумақта қар жауып, боран болады. Секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді. Кей жерлерде 25 метрге дейін көтеріледі.
РКС: 1 қаңтар күні түстен кейін, сондай-ақ 2-сі мен 4-і аралығында облыстың басым бөлігінде қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел ұйытқиды. Боран соғады. Күндіз ауа температурасы 6 градус шамасында суық, кей жерлерде сынап бағанасы 2 градусқа дейін жылылықты көрсетеді. Түнде 4-9, кейі жерлерде 15 градусқа дейін аяз болады.
СНХ: САЛТАНАТ ОҢАЙБАЕВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: Мұндай ауа температурасы ұзақ сақталмайды. Қаңтардың бесінен бастап күн қайтадан суытады. Десе де жауын-шашынсыз.
РКС: Ауа райын болжау қызметінің мамандары сондай-ақ қыс мезгілінде облыс аумағында ауа райының маусымдық болжамын хабарлады. Барлық айда ауа температурасы қалыпты нормадлан аспайды деп отыр. Ал жауын-шашын мөлшеріне келсек, біршама ауытқу болады.
ТОГЖАН БАЙМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖУРСИН ОМИРЗАК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.