ДИКТОР: Биыл Қоғамдық келісімнің құрылғанына 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында Ақмола өңірінде этносаралық, достық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған көптеген іс-шара өткізілді.

РКС: Ассамблеяның негізгі міндеті қоғамдағы этносаралық қатынастар саласындағы тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасап, Қазақстан халқының бірлігін сақтау.

СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тағы бір жыл зу етіп өте шықты. Көбіміз аңғармай да қалдық. Өтіп бара жатқан жылдың өз ерекшеліктері де болды. Осы жылдың ең басты ерекшелігі «Достық үйінің» 10 жылдығы. Бүгін біз осы күнге арнайы жиналып отырмыз. Жаңа 2025 жыл қарсаңында жиналып, бір-біріне алғыс айту дәстүрге айналды.

СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біздің қоғамдық келісімнің 10 жылдығын атап өтудеміз. Биылғы жылы өте көп шаралар осы 10 жылдықпен байланыстырылды. Барлық этномәдени бірлестіктер осы іс-шараға атсалысып, бірлесіп жұмыс атқарды. Ендігі жылы Ассамблеяның 30 жылдығы тойлап өтеміз. Осы мерейлі күнге байланысты үлкен жоспарларымыз бар. Облыс шеңберінде жоспар бекітілді. Оның ішінде үлкен ауқымды шаралар көзделген.

РКС: Қазақстанның мәдениетін дамытуға тең құқықтық негізде халқымыздың бірлігін сақтауға осы елді мекен еткен ұлттар мен ұлыстар зор үлес қосып келеді. Тәуелсіз елдің дамып, әлемге танымал болуы ең алдымен осы елдегі халықтың бірлігінің арқасында.

СНХ: МЕЙРАМБЕК ҚИЫҚОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Еліміздің экономикасы, мәдениеті, саяси дамуының тұрақты болуы үшін ең бірінші халықтың бірлігін сақтау керек. Егемендік алған кезімізде кейбір сепаратистік қимылдар бастала бастады. Сондайдан аулақ болу үшін сол кезде жақсы ойлап құрған Ассамблея өте дұрыс болды.

РКС: Кездесу соңында этносаралық бірлікті нығайтуға зор үлес қосқан бір топ қоғам қайраткері Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.