ДИКТОР: Келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстанда салық және әлеуметтік заңнамаға өзгерістер енгізіледі. Әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі ұлғаяды. Жұмыс берушілер үшін жаңа міндеттемелер енгізіліп, есептік көрсеткіштер түзіледі. Біріншіден, әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі 3,5-нан 5 процентке дейін өседі. Енді бұл аударымдар азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттарға да қолданылады.
СНХ: АЙНҰР ЕЛІКБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Жаңа жылдан бастап әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі 9,5-нан 11 процентке, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы 1,5-нан 2,5 процентке өседі. 1-ші қаңтардан бастап бірыңғай төлемнің жалпы мөлшерлемесі бұрынғы 21,5-нан 23,8 процентке артады. Жаңа жылдан айлық есептік көрсеткіш 3692 теңгеден 3932 теңгеге артады. Төменгі жалақы бұрынғы деңгейде, яғни 85 мың теңге көлемінде қалып отыр.