ДИКТОР: Биыл облыс аумағында 8 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Оған республикалық бюджеттен 4 млрд.теңге қаражат бағытталған. Тұрғындар саны аз 42 шағын ауылға су тазарту станциялары орнатылды. Осылайша, биыл 10 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылды.
РКС: Сәкен Сейфуллин ауылындағы 400-ге жуық адам бұған дейін тіршілік нәрін ауылдағы екі құдықтан тасып ішкен. Оның өзі тұзды болған. Қыста оппа қарда, көктем, күзгі сазда арбамен тасып ішу өте қиын еді,- дейді ауыл тұрғындары. Қазір бұл азаптан толығымен құтылдық,- деп қуанады. Себебі, ауыз суды үйіне дейін кіргізіп алған.
СНХ: БОТА ӘШКЕНОВ, С.СЕЙФУЛЛИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы ауылда ерте заманнан тұрып келе жатырмын.көптен бері судың проблемасы қиындап тұрған. Қуанышты жағдай болып жатыр, ауылға су кіріп жатыр. Ауыл тұрғындары барлығымыз атсалысып жатырмыз. 95 үйде міне суы бар.Оған қуанып жатырмыз.
СНХ: ЕРБОЛ ӘБЖАНОВ С.СЕЙФУЛЛИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Су тартылғалы көп жеңілдіктер көріп жатырмыз. Міне үйге дейін су кіріп, қол жусақта, жуынсақта аристон тартып, санузел барлығы істеліп онды болды. Ауылдың көбінде мұндай су жоқта. Міне Үкіметімізге рахмет осындай су тартып беріп жатқанына. Бұл енді халықтың сұрауымен болған жағдай.
СНХ: ЛӘЗЗАТ ҚАСЫМЖАНОВА С.СЕЙФУЛЛИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Көп қиыншылық көрдік. Енді биыл міне су келіп еді рахат болды. Үйде ағыза қоямыз. Әйтпесе, малға бәріне тасымал болатын.
РКС: Жергілікті халықтың көп жылғы қиыншылығы артта қалып, көптен күткен арманы орындалды.
СНХ: АЙГҮЛ КӘРІМОВА, С.СЕЙФУЛЛИН СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМШІЛІК АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Осы су мәселесі ауылымызда туындап келе жатқан үлкен мәселелердің бірі болатын. Биылғы жылы мемлекетіміздің бағдарламасының арқасында су жүйелері іске қосылды. Әр үйге таза сапалы су енгізіліп, халқымыз өте қуанышты. Халық енді таза, сапалы судың игілігін көріп жатыр. Елімізде, Қазақстанда осындай жақсы жаңалықтар бола берсін. Бұған дейін суды тасыды халқымыз. Біреуі жаяу біреуі көлігімен. Өте қиындау жағдай болды.
РКС: Қазір аймақтағы ауыл тұрғындарының 96 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Жергілікті билік өкілдері алдағы бірер жылда су мәселесін түбегейлі шешуге сенім білдіріп отыр. Облыс аумағында келер жылы 45 ауылға ауыз су тарту жоспарланған. 2 жылда 96 ауылға су тазарту станциялары орнатылмақ. Ауыл тұрғындарының 96 проценті сапалы ауыз сумен қамтылған. Осылайша бірер жылда өңірде су мәселесі түбегейлі шешіледі,- дейді жергілікті билік өкілдері. Айта кетейік, облыс бойынша биыл осы бағытта құны 32 млрд.теңге болатын 68 жоба жүзеге асырылды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ