ДИКТОР: Жаңа жылдан бастап жергілікті қызмет көрсетушілерге мемлекеттік сатып алу процесіне қатысқан кезде қосымша келісімді жеңілдікті екі есеге көтереді. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Жаңа заң 1-ші қаңтардан бастап күшіне енеді. Естеріңізге сала кетейік, тиісті құжатқа Президент 1-ші шілдеде қол қойған болатын. Сондай-ақ мамандар жуыр арада қоғамдық мониторинг институты енгізілетінін айтып отыр. «Қоғамдық бақылау туралы» сәуірде қабылданған заң белгілі бір үрдістерге қоғамның ықпал ету механизмін қарастырады. «Мемлекеттік сатып алулар» туралы жаңа Заң жобасын ықпал етудің осы жолдарын кеңінен пайдалануды жоспарлап отыр. Осылайша, қоғам өкілдері мемлекеттік сатып алулар саласындағы белгілі бір мәселелерді шеше алады. Бұдан бөлек, заңнама сатып алатын тауарлар мен қызмет түрлерінің сапасын арттыруды көздейді. Одан әрі мемлекеттік сатып алулар жүйесін автоматтандыру қарастырылмақ. Мамандар ең басты артықшылығы сатып алу үдерісі қысқартылады деп отыр.

СНХ: ОЛЕСЬ ГЛЕБА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІК ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Жаңа заңнамада рәсімдерді өткізу мерзімі айтарлықтай өзгереді. Мәселен, биыл ашық конкурсты өткізудің мерзімі 2 ай көлемінде болса, жаңа жылдан бастап екі апта, яғни 15 күн уақытты ғана алады. Негізгі өзгерістің бірі «бір көзден» ғана келісім-шартты жасау мүмкіндігі. Бұл мәселе әсіресе ауыл әкімшіліктерінде өзекті. Енді жаңа жылда тауарларға, жұмыстар мен өзге де қызметтерге 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейін «бір көзден» келісім-шарт жасау мүмкіндігі беріледі.