ДИКТОР:Жаңа жылды хош иісі аңғыған жасыл шыршасыз елестету мүмкін емес. Ол нағыз мерекелік көңі-күй сылайтын Жаңа жылдың атрибуты. Әдетте мереке жақындаған сайын қала тұрғындары шырша таңдаумен әлек болып жатады. Көкшетауда Жаңа жыл қарсаңында шыршаның түр-түрі самсап тұр. Көңілің қалағанын бағасына қарай сатып алуға болады. Әр үйдің төріне көрік берген шыршаны қалай таңдау керек және оның нарықтағы қазіргі құны қанша? Тілші баяндайды.

РКС:Жаңа жылдық қарбалас басталысымен қала көшелерінде табиғи шыршаларды сататын арнайы орындар да көбейді. Көздің жауын алатын сәнді шыршаның жанынан жай өтіп кету мүмкін емес. Сатып алушының талғамына сай табиғи шыршаның түр-түрі самсап тұр. Таңдау мүмкіндігі өзіңізде. Сатылымда биіктігі үш метрлік қарағайлардан бастап жасыл желектің неше түрі бар. Жаңа кесілген көшеттер көршілес Ресейдің тәлімбақтарынан жеткізілген.

ЛЮФТ:

– Это сколько будет стоить? Возьму, праздник же. Мына шырша қанша тұрады? Мереке ғой, сондықтан шыршаны аламын.

РКС:Сатушылар табиғи шырша түрінің көп әрі бағасының да қолжетімділігіне қарамастан, сатып алушылар қалауының әртүрлі екенін айтуда. Біреуі экологиялық таза тұрғысынан табиғи шыршаны таңдаса, енді бірі жасанды шыршаға қызығушылық танытады. Себебі, оны жыл сайын қолдануға болады. Ұзақ уақытқа шыдайды,-дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

РКС: Биыл елге жеткізілген шыршаның бағасы көлемі мен түріне байланысты. Шағын шырша 3 мың теңге шамасында. Биіктерінің бағасы 10 мың теңгеге дейін шарықтайды. Айта кетейік, Жаңажылдық шырша базары ертеңге дейін жұмыс істейді. Сондықтан, әлі шаңырағыңызды шыршамен безендіргіңіз келсе, уақытыңыз бар. Жаңа жылдың символына айналған шыршаны сатып алуға асығыңыз.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ